Темір жолдарда су басу қаупі жоқ

Жаңалықтар
16.04.2025, 09:05
Оқуға 1 мин

Теміржол саласы бойынша су тасқыны кезеңінде жолдың және жасанды құрылыстардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны жағдайына арналған Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Министрдің айтуынша, ТЖМ аумақтық органдарымен бірлесіп теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттің жағдайы тексерілген. Мұзды ұсақтау мен қар көшкінін түсіру бойынша 6 теміржол учаскесінде бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді.

«Қазіргі уақытта еріген суларды жасанды құрылыстар арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылуда. Су тасқыны қаупі бар 673 учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған», — деді ол.

Сонымен қатар еріген қар суының жиналуы Ақмола және Қостанай облыстарында байқалады.

«Теміржолдарды су басу қаупі мен пойыздардың қозғалысында қиындықтар жоқ. Пойыздардың қозғалысын қысқамерзімге тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылданды, Арқалық стансасының су тасқынына қарсы пойызы іске қосылды. Су тасқыны кезеңінен өту мәселесі бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылдануда», — деп түйіндеді Марат Қарабаев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды