Жаңашыл ұсыныс – жастардан 

Жаңалықтар
22.08.2017, 10:20
Оқуға 2 мин
Темір жол – шуақты Шу өңірінің тамыр бүлкілі десек қателеспейміз. Нағыз тоғыз жолдың торабында жатқан Шу станциясы арқылы оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа ерсілі-қарсылы ағылған пойыздар легі күндіз-түні толастаған емес. Күн сайын миллиондаған тонна жүк пен мыңдаған жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шулық теміржолшылар арасында шойынжол кәсібін атадан балаға мирас еткен дәстүр қалыптасқалы да бір ғасырға жуық уақыт өтіпті. Қазіргі таңда Шу ауданында 640 жас темір жол саласында қызмет етеді. Солардың дені ата дәстүрін жалғастырған теміржолшылар әулетінің өкілдері. Олар теміржолдың ерлікке толы тарихын жасаған аталар даңқына адал. Мәселен, Шу электрмен жабдықтау дистанциясында  бір топ жас шоғыр еңбек етеді.  Дистанцияның «жүрегі» өндірістік-техникалық бөлімін құрайтын  бұл жоғары білімді, еңбек жолын қатардағы монтер болып бастап, тәжірибе жинақтап, сатылай өсіп келе жатқан  жастар өндірісті алға бастыруда жаңашыл көзқарастарымен, тиімді  ұсыныстарымен көзге түсіп жүр. –Темір жол желісін үздіксіз электр жүйесімен  қамтамасыз етуде бір минут та үзіліс болмайды.  Оған қоса, темір жол бойында бізден электр қуатын алатын тұтынушыларымыз бар.  Дистанцияға қарасты 7 түйіспелі торап учаскесі мен  5 қосалқы тартым станциясы бар. №3 Шу қосалқы тартым станциясы жақында ғана қайта жаңғыртудан өтті. Темір жол желісіне қажетті электр қуатын бөлетін станция толығымен немістің «Siemens» компаниясының құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи технологияны игеруде біз жастар көшбасшы болуға тиіспіз, сондықтан да біз оқу мен ізденуден ешқашан жалықпайтын боламыз, – дейді жаңашыл жастардың бірі, бөлім инженері Бауыржан Мұсақұл. Елдар Ыбырайқұл 2015 жылы  М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдап, еңбек жолын осы дистанциядан бастаған жас маман. –Теміржолдың бойындағы қызу тіршіліктің бойына қан жүгіртіп отыратын электрмен жабдықтау саласының қауіп-қатері басым. Статистиканы қараңыз, жыл сайын тоқ көзінің қаупін елемей, абайсызда ажал құшып жатқандар қаншама... Сондықтан,  техника қауіпсіздігін сақтау – біздің ең бірінші талабымыз және ұстанымымыз,– дейді  жас маман Елдар.

Ерман Әбдиев, Шу

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді