Туристік аймақтарға – жаңа жол

Жаңалықтар
22.08.2017, 11:01
Оқуға 2 мин
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Автомобиль жолдарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде туристік аймақтарға баратын жолдарды қайта жаңарту және жөндеу бойынша ауқымды  жұмыстар жүргізуде. Айталық, Алакөлге қарай ұзындығы 763 км Талдықорған-Өскемен автожолына қайта құру басталды. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланған. Бас мердігермен толық аяқтау бойынша шартқа қол қойылған.  Жоба халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен жүзеге асады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ұзындығы 180 км Үшарал-Достық жобасы бойынша қайта құру басталады. Қазіргі уақытта «толық аяқтау» шартына қол қою рәсімдері жүруде. Жоба 2017-2020 жылдар аралығында Мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асады. Ал 2018 жылы ұзындығы 177 шақырым Таскескен-Бақты автожолын қайта құруды аяқтау жоспарлануда. Жоғарыда аталған жобалардың жүзеге асуы, Алматы-Талдықорган учаскесіндегі аяқталған жұмыстарды ескере отырып, Алакөлге Алматыдан да, Өскемен және Семейден де көлік құралдарымен жайлы жүріп өтуге жағдай жасайды. Алматы облысында жалпы ұзындығы 66 шақырым Алматы-Көкпек-Хоргос автомобиль жолы учаскесінде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы аяқталатын жөндеу жүргізу нәтижесі Көлсай өзені бағытына жайлы жүріп өтуді қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында да ұзындығы 64 км «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автомобиль жолы учаскесінде және Павлодар облысындағы Баянауыл бағытында ұзындығы 73 км Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск автожолы учаскесінде де  жол жөндеу жүргізілуде.  Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ. Шығыс Қазақстан облысында Көк шығанаққа және Рахман бұлағына алып баратын 31 км автомобиль жолына орташа жөндеу қамтылған. Маңғыстау облысындағы Кендерлі курорты бағытында ұзындығы 55 шақырым Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі автожолы учаскесінде жөндеу жүруде. Жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан баб кесенесіне Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл автожолы алып барады, қазіргі уақытта учаскелерде орташа жөндеу жүруде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ұзындығы 53 км 3 учаскеде жөндеу аяқталады. Сонымен бірге, Ақмола облысында ұзындығы 80 км Щучье-Зеренді автожолын қайта құру басталды. Қайта құруды 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Қорғалжын табиғы қорығына Астана-Қорғалжын автожолы учаскесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар, Щучье-Бурабай автожолының 16 км орташа жөндеу қамтылған. Бурабай елді мекенінің орталығында 2 км жол маңайындағы аумағын абаттандырумен қоса жөндеу жүргізілген.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді