Жылу беру маусымы жақын

Жаңалықтар
25.08.2017, 12:45
Оқуға 3 мин
Міне, санаулы күнде күздің алғашқы айы басталады. Демек, «қыс – қыр астында» деген сөз. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен 2017-2018 жылу беру маусымына орай көмір тасымалын  ұйымдастыру барысына  арналған жиын өтті. Тамыз-желтоқсан аралығында халықты қажетті көмірмен уақтылы қамтамасыз ету шаралары сөз болған басқосуға тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілермен қатар, министрліктер мен мемлекеттік органдар, облыстық  және калалық әкімшілік өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқыға салды. Өз сөзінде ҚТЖ жетекшісі ең алдымен ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етудің басымдығы мен маңыздылығына тоқталды. –Бірінші кезекте бюджеттік ұйымдар үшін республикаішілік көмір тасымалын қажетті вагондармен қамтамасыз ету керек. Бұл атқарушы биліктің бақылауында. Сонымен қатар, шешуді қажет ететін тағы бір мәселе, көмірді тұтынушы-кәсіпорындардың 70%-ы «KTZ Express» АҚ-мен тікелей келісімшарты жоқ, бұл өз кезегінде көмір тасымалына қажетті вагондар паркін  жоспарлауға  кері әсерін тигізеді және тасымалды қамтамасыз етуге 100%  кепілдік бермейді, – деді компания жетекшісі. Жиында Жүк тасымалы компаниясы басшысының баяндамасынан белгілі болғандай, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың жеті айында жүк тиеу көлемі, соның ішінде республикаішілік қатынаста да артыпты. Сонымен қатар, 2016-2017 жылу беру маусымы кезінде орын алған кемшіліктердің қайталанбауы ескерілген. Мысалы, көктемгі-жазғы кезеңде  тасымалдың айтарлықтай төмендеп кетуінің алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаудың нәтижесінде 1017 жылдың маусым айында көмір тасымалының көлемі өткен жылғыдан 2 млн тоннаға жоғары болған. Жүк жөнелтушілер тарапынан сөз алған «Богатырь Аксес көмір» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Рғайбек алдымен осындай маңызды басқосу үшін ҚТЖ басшылығына алғысын жеткізді. –Ағымдағы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының бастамасымен «Богатырь Аксес көмір» ЖШС ҚР энергожүйесімен көмір жеткізуді төртінші тоқсаннан жазғы кезеңге ығыстыруды келісті. Сонымен қатар, облыс әкімшіліктерімен көмір сатып алуды ертерек ұйымдастыру, маусым айынан бастауға қол жеткізілді. Тұтынушылармен осындай жұмыстарды жүргізу  нәтижесінде 600 мың тоннадай көмір тасымалы күзгі-қысқы кезеңнен көктемгі-жазғы кезеңге  ығыстырылды, – деді алпауыт кәсіпорын өкілі. Ал ҚР Индустрия және даму министрлігі көлік комитетінің теміржол көлігін басқару басқармасының бас экспорты Ардақ Садықова жиынға қатысушыларды маусым кезінде вагондар тапшылығын жоюға мүмкіндік беретін жекеменшік вагон парктерін қалыптастыруға кеңес берді. Жалпы биылғы жылу маусымын көмір тасымалымен қамтамасыз ету сұлбасы жиында айқын болды және көмір тасымалының көрсеткіші былтырғыға қарағанда биыл анағұрлым жоғары. Бұл жүк тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілермен қатар барлық тиісті министрліктер мен мекемелер, атқарушы билік өкілдерінің жұмыла жүргізген жұмысының нәтижесі екені айтылды. Басқосу соңында ҚТЖ басшысы Қанат Алпысбаев мұндай басқосуды қыркүйек айының ортасынан бастап селекторлық режимде ай сайын өткізуді ұсынды.

Әсел ШАЙХЫНОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты