Жолшы еңбегі қорғауда 

Жаңалықтар
25.08.2017, 18:23
Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау салалық мекемелерде қаншалықты маңызды болса сол кәсіпорындарда жұмыс жасайтын еңбеккердің еңбегін қорғау да соншалықты маңызға ие.  Қызылорда жол дистанциясында  жолшылар еңбегі қорғалып отыр деуге барлық негіз бар. Оларға әр айда берілетін көмектер дер кезінде бөлініп, әр жолшының  қолына тапсырылуда. Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында әр деңгейдегі басшылық құрам кезекті тексеру жұмыстарын жасап, еңбек қатынастары талабының бұзылуы жайы ұшырасса оны орнына келтіріп, жолшы еңбегінің қорғалуына мүмкіндік жасап келеді. Жыл басынан бергі жеті ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы Қызылорда жол дистанциясының еңбек қорғау жетекші инженері Майра Бадрақова мәлімдеді. –Еңбек қауіпсіздігін қорғау және еңбек қорғау жағдайларын жақсарту мақсатында белгіленген кешенді іс шара жылдық жоспар бойынша жүз пайызға орындалды. Яғни әр айға белгіленген мөлшердегі қаражаттар тиімді жұмсалып отыр. Қызылорда жол дистанциясы бойынша ағымдағы жылдың 7 айында өндірісте  жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Пойыздар қозғалысына кедергі келтірген жайтқа тоқталсақ,  3 рет бөгде адамдармен темір жол бойына шығып пойызға басылу фактілері тіркеліп, орын алған жайдың суицид сипатында болғандығы анықталды. Мал мен жанның темір жол бойына шығып тепловоз машинистерінің шұғыл тежегіш қолдануы биылғы жеті айда 19 рет орын алып, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама азайды. Бұл жағдай 2016 жылы 60 рет орын алған  болатын. Бұл әрине, тәулік бойы дистанция телімдерінде жолдың ағымдық күтімін  жасаумен қатар мал мен жанның жолға шықпауын аңдып жүретін жолшылар еңбегінің нәтижесі, – деп санайды Майра Бадрақова. Әрине, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтай отырып, жолдың техникалық бабын жасап отырған  жолшылар қауымы үшін бұл қауіпсіздік бағытында тынымсыз еткен еңбектерінің жемісі.  Мәселен аптаның әр бейсенбісі сайын ІІЖб мен ӘТЖК қызметкерлерімен біріге отырып жол бойында рейдті-тексеру, теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру жиындарын ұйымдастыратын дистанциялықтар жеті айда 159 рет темір жолға жақын орналасқан елді-мекендермен жиналыстар өткізіліп, 4861 тұрғынға жол бойы сақ болу керектігін ескерткен  және 76 мектепте болып 12 245 оқушы таныстырылған. Жолшының  жұмыс орнының қауіпсіздігі мен қолайлылығы жұмыс орнын сынақтан өткізіп бағалау арқылы айқындалады. Мәселен биыл жыл басынан бері 2 жұмыс орнына аттестаттау жоспары жасалған. Қауіпсіздік үшін қажетті жағдайлар жасаумен қатар арнайы киіммен қамтылу, қорғаныс құралдарының жетімділігі де басты назарда екен. –Дистанцияда жолшыларын маусымдық киім-кешек пен қорғаныс құрал-саймандармен қамту жұмыстары 92 пайызға орындалды. Қолданысқа қажетті 500 мақта-матадан жасалған жұмыс костюміне тапсырыс беріліп, түгелімен жеткізіліп берілді. 200 жұп аяқ киімге тапсырыс беріліп, ол да алынды, жаңбардан қорғану күртешелерінен 100 данасы жеткізілді,  200 дана етік, 500 желет.  200 қорғаныс көзілдірігі  тапсырыспен алынып жолшыларға берілуде. Дистанция бойынша ауыр және зиянды орындарда жұмыс жасайтын 446 жұмысшының ішінде, зиянды өндірісте, шулы жерде немесе тербелісті ортада жұмыс жасайтын 81 адамға  жеті айда 2058 литр сүт беріліп, белгіленген көмектер көрсетілуде, – дейді дистанцияның еңбек қорғау жетекші инженері.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?