Кәсібі оның қырағылық...
Семей станциясына ұзын-сонар жүк құрамы келіп тоқтады. Аялдау уақыты шектеулі. Сондықтан «бес қаруын» сайлап күтіп тұрған вагон қараушылар бірден іске кірісті. Қолындағы балғасымен вагон доңғалақтарын тық-тық ұрып адымдап бара жатқан жан Семей вагон пайдалану депосының «қыранкөзі» атанған вагон қараушысы Қазез Тұрыспеков.
Қазез Мұхамадиұлының вагон қараушының балғасын қолына ұстағалы жиырма жыл өтіпті. 1995 жылы депоға вагон қараушысы болып жұмысқа орналасқаннан бері табан аудармастан еңбек етіп келеді. Сол тоқсаныншы жылдардағы күнкөрістің қамымен «балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей, елдегі халық жаппай қалаға ұмтылған қиын-қыстау кезең оның тағдырын темір жолмен байланыстырды. Уақытпен санаспай, тәуліктік кезекшілікпен атқарылатын, өзіндік ауыртпашылығы мен қиындығы және жауапкершілігі де мол вагон қараушысы кәсібін бір күнде немесе бір айда меңгеріп кеттім десе шындыққа жанаспас, жылдап тәжірибе жинағаны рас. Әлі есінде, алғаш рет 1998 жылы жүк вагонының дөңгелегінен жарықшық тапқанда, өзінің шын мәнінде, вагон қараушы мамандығын меңгергеніне сенім пайда болып еді. Сол жолғы қырағылығы үшін станция басшылығы оны Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйақы да алған. Ақаудың салмағы ауыр болып, вагон қараушының бұл қырағылығы ерлікке бағаланды. Мерейі өскен вагоншы жігіттің өз кәсібіне деген құрметі мен жауапкершілігі арта түскен.
Содан бері де он бес жылдан аса уақыт өтіпті. Бүгінде тәжірибесі толысқан вагон қараушы Қазез Тұрысбеков бұдан кейін де сан мәрте қырағылық танытып, вагон доңғалақтарының талай қауіпті кінәраттарын анықтап, талай апаттың алдын алуға қызмет еткені анық. Мәселен, 2001 жылы бір айдың ішінде екі мәрте дөңгелек жарықшағын тауып, «қыранкөз» атанғаны да сол жолы.
– Біздің жұмыс жоғары жауапкершілікті талап етеді. Темір жол бойында тосын оқиға орын алмауы үшін қырық градус суықта да, ыстықта да сергек жүріп, зейініңді сала еңбек етуің керек. Сонда ғана жұмысың нәтижелі болмақ, – дегенді қырағы вагон қараушы бүгінде тәрбиелеп жатқан шәкірттеріне қайталап айтудан еш жалыққан емес.
Қазез Мұхамадиұлы еңбек ететін ұжымда жас мамандар көп. Қызмет барысында кеңес сұрайтын жаңа буынға айтары мол жанның араларында жүргеніне олар да разы. Жұмысқа жаңадан келген вагон қараушылары мұқияттылық пен құнттылықты Қазекеңдей ағаларынан үйренеді. Жаңадан қабылданған жігіттер жүріп өткен вагон бойын қайта тексеріп, кінәрат тауып алса, жанына шақырып алып, мән-жайды ерінбей-жалықпай қайта түсіндіруден жалыққан емес. «...міне, көрдің бе, мынау көзге көрінер-көрінбес сызықты мұқият қара, ол «тығылып» қалған ақау ма, әлде жай қауіпсіз белгі ме, доңғалақты соққанда дыбысынан ажыратып үйрен» деп, мән-жайды тәптіштей түсіндірген ұстаздың әр сөзі жастарға сабақ.
Вагон пайдалану депосының директоры Асет Сүлейменов ұжымының мақтанышына айналған тәжірибелі вагоншы туралы жылы пікірін білдірді.
– Қазекеңе әсіресе жас буын көп қарыздар. Ұзақ жыл еңбек өтілі бар адамның кәсіби біліктілігі де жоғары болмақ, өмірден көрген-түйгені мол жанның үйретері де көп болатыны белгілі ғой, және онысын үйретуден жалыққан емес, – дейді Асет Калибекұлы.
Қуаныш ҚОЖАЕВ,
Семей
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді