Қорғастың мүмкіндігімен танысты
Үстіміздегі жылдың 25 тамызында Алматы облысына жұмыс сапары аясында Татарстан республикасының президенті Рустам Минниханов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына барып, Құрғақ портты, логистикалық және индустриалдық аймақ нысандарын аралады.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА УК» АҚ бас директоры Мұрат Баймұханбетов мәртебелі меймандарды аймақта қалыптасып жатқан көліктік-логистикалық хабтың мүмкіндіктерімен және оны дамытуға қатысты жобалармен таныстырды.
–«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып отырған «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасы – Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін қалыптастыруға толық ықпал етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ол Кедендік одақ елдері үшін, әрмен қарай Еуропа, ҚХР, Орталық Азия, Парсы шығанағы және өзге елдер нарығына тауарларды экспорттау үшін келешегі мол дистрибуциялық орталық ретінде қарастырылып отыр, – деп атап өтті Мұрат Баймұханбетов.
Татарстан президенті Еуразиялық құрлықтың логистикалық жүйесін дамытуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА рөлін жоғары бағалап, дамыған инфрақұрылымы бар, бизнес пен инвесторлар үшін тартымды оның әлеуеті зор екенін атап өтті.
«Бізге аталған индустриалдық аймақта сұранысқа ие болатын қандай өндірісті іске қосу керектігін зерттеу керек. Бізде бұйым-зат шығаратын полимерлік материалдар көп. Ойлану қажет», – деп өз ойымен бөлісті Рустам Минниханов.
Бүгінде арнайы экономикалық аймақта инвестициялар тартуға қатысты белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үстіміздегі жылдың басынан бері экономикалық қызмет секторын қалыптастырып отырған, яғни, өнеркәсіпті өңдеуші, құрылыс, көліктік-логистикалық қызметті жүзеге асыратын сегіз қатысушы тіркелген. Соңғы деректерге жүгінсек, бірыңғай реестрде 77 қатысушы тіркелген, соның 15-і мәлімделген жобалармен белсенді айналысуда.
Өз кезегінде «Хоргос» ХШЫО» АҚ президенті Қахарман Джазин нысандарды таныстырып, Еуразиялық одақ елдерінің өкілдері пайдалана алатын ерекшеліктер, соның ішінде, Орталық аумағына тауарларды кіргізу кезінде кедендік декларацияның жоқтығынан хабардар етті.
Татарстан мемлекетінің басшысымен бірге келген ресейлік кәсіпкерлер, Қытайға тауарлар тасымалдау үшін «Хоргос» ХШЫО аумағында Татарстанның сауда өкілдіктерін аша отырып, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарларды пайдалануға қызығушылық білдірді.
Рустам Миннихановтың айтуынша, аймақаралық өзараәрекеттесу ресей-қазақстан қарым-қатынасын нығайтып, іскерлік байланысты кеңейтуге және өзаратиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік бермек.
Ресми кездесуді «Хоргос» ХШЫО-да Татарстан күніне арналған шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мәдени шара толықтыра түсті.
Ирина БЕКТИЯРОВА, Қорғас
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді