"Мектепке жол" акциясына атсалысуда
Қоңыраулы күз атыраулық теміржолшылардың мектеп жасындағы балалары үшін қамсыз басталмақ.
Атырау жүк тасымалы бөлімшесіндегі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары балалары, сондай-ақ, үш баладан көп сала қызметкерлерінің бүлдіршіндері толықтай мектепке қажетті керек-жарақпен қамтылуда. Кеше Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен теміржолшылардың 1-ші сыныпқа баратын балаларына арналған мектепке қажетті оқу құралдары толы 55 сөмке балаларға тарту етілді.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шарасында әсіресе шалғай станциялардағы теміржолшы отбасыларын оқу құралдарымен қамтуға басымдық берілген. Алғашқылардың бірі болып мектеп құралдары толы сөмкені иығына салған Әлимұхаммед Қадырханұлы биыл мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Оған және оның төрт бауырларына да Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Амантай Жайлығұлов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов мектеп құралдары толы сөмке табыс етті.
–Биылғы «Мектепке жол» акциясы Атырау өңірінің теміржолшылары үшін жоғары деңгейде өткізілуде. Бұл ретте жалғызілікті және әлеуметтік демеуді қажет ететін отбасылар балаларына көңіл бөліп, бір жолғы материалдық көмекті қаржылай беріп отырмыз, – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов.
Жаңа оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттау сәтінде баласын мектеп құралдарымен қамтып,әрі материалдық көмек беруге шешім еткен басшылыққа разы болған Әлимұхаммедтің әкесі Қадырхан бес баланың әкесі. Атырау станциясында вагон жүрісі жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істейді.
–Біздің отбасымыздың қазіргі жағдайын бағдарлап, қолдау білдірген кәсіподақ ұйымына алғысымыз зор. Жер телімін алып, жаңа баспананың іргетасын енді қалап отырғандықтан жұмыс беруші тараптан әркез қолдау көру жеке мен үшін үлкен көмек, – дейді Қадырхан Бөлешов.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Қызылордалық бас теміржолшы Аманкелді Арысбаев балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 17 түрлі оқу құрал-жабықтарымен толтырылған мектеп сөмкесін 30 балаға табыс етті. Теміржолшылардың дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілді. Аталмыш акцияда «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жоба аясында 150 мың теңге қаражат жиналып, 30 баланың тізімі жасақталды. Балалардың түрлі әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алу және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатындағы акцияға қаламыздағы №3 мектеп-лицейі, №6 мектеп, Осипенко атындағы №8 мектеп және Б. Шалғынбаев атындағы №217 мектептің бастауыш сынып оқушылары таңдап алыныпты. Себебі осы мектептің ата-аналары теміржолшылардан қолдау сұрап келіпті. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен аймақтағы барлық теміржол мекемелердің кәсіподақ ұйымдары бірлесіп көмек сұраған 30 отбасы балаларына мектеп сөмкесі толы оқу қажеттіліктерін алып берді. Шара соңында өнерлі жас теміржолшылар балаларға дайындаған тәттілерін таратып, әннен шашу шашты.Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Білім күні қарсаңында жер жерде өтіп жатқан қайрымдылық шараларынан күзет қызметінің жігіттері де тыс қалған жоқ, 100-ден астам балаға мектеп құралдарын сатып алып берді. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалы кәсіподақ ұйымынынң мұрындық болуымен материалдық жағынан аз қамтылған әлеуме,ттік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек жасап, биыл мектеп табалдырығын аттайтын 118 балаға оқу құралдары толтырылған сөмкелер сыйға тартты. Филиал директоры Талғат Сисеннің хабарлауынша, күзет қызметі бүлдіршіндердің болашағы жарқын болып, биіктен көрінуіне сәл де болса септігін тигізссек деген ойда. «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, әрбір адам баласы білімді боп ып тумайды. Оны білімді ететін мектеп қабырғасы, сосын әрбір бүлдіршіннің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен наным-түйсігі арқасында көкірек көзінің ояу болуы – адами құндылықтардың басты міндеті», – дейді ол.Бекбол Құлдан, Ақтөбе
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді