Бейнеттің зейнеті бар

Жаңалықтар
29.08.2017, 10:44
Саналы ғұмырын болат жолмен байланыстырып,  өз алдына дербес шаңырақ көтерген Маңғыстау темір жол бөлімшесінің алғашқы бас есепшісі болған Едіге Сахып ұзақ жылғы бейнеттің  зейнетін көретін шаққа жетті. Маңғыстау темір жолында өткен 42 жылдың соңғы 10 жылын бөлімшенің қаржы-шаруашылық саласын басқарған маман  Едіге Ыбырайұлы Құрметті теміржолшы белгісіне ие болған санаулы қаржыгер болса керек.     Екі жыл бұрын зейнет жасына жеткен есепке жүйрік тәжірибелі маманды жіберуге қимаған мекеме еңбегін тағы екі жыл пайдаланады. Міне, өткен апта  алыс-жақыннан әріптес, тілеулестері түгел жиылып, есеп-қаржы саласының ардагерін  құрметті демалысқа шығарып салды. Салтанатты шараға Астана, Атыраудан қонақтар, әріптестері келді. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжимеден Ғұбашов бастаған бөлімшеге қарасты мекеме басшылары, Маңғыстау магистральды желі бөлімшесінің басшылығы, өзге де аймақ  теміржолшылары түгел  қатысты.  Көз көрген азаматтар естеліктер айтып, тілектерін төгілтті. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры "ҚТЖ" ҰК" АҚ қаржы жөніндегі вице-президентінің Алғыс хаты  мен бөлімшенің құттықтау хатын тапсырып, ардагердің төсіне "Маңғыстау теміржолына – 10 жыл" мерекелік медалін тақты. – Едіге Ыбырайұлымен еліміз әуелсіздік алған тұстан бері қызметтеспіз. Маңғыстау темір жол бөлімшесінің қиын-қыстау күндерін бірге бастан өткіздік. Қазыналы қарт түбекте бұл кісідей өз кәсібін терең меңгерген, көп жыл жұмыс жасаған есепші болған емес. Еңбегіңізге алғысымыз шексіз, – деген  бөлімше басшысы мерейтой иесінің портреті бейнеленіп,  майлы бояумен салынған суретті сыйға тартты.  Едіге аға еңбек жолын 1969 жылы Мақат локомотив депосында жөндеуші слесарь болып бастапты. 1975 жылы Ташкент темір жол институтын бітіріп,  инженер-құрылысшы дипломын алады. Сол жылдың тамыз айында жолдамамен Маңғыстауға келіп, жол бригадирі, жол шебері, аға жол шебері жұмыстарын атқарады. Қайта құру жылдары  кәсібін қаржы-шаруашылық саласын игеріп,  бухгалтер-экономист мамандығын алады. 1991 жылдан бері темір жол мекемелерінде бас есепші болып бүгінгі күнге дейін жемісті еңбек етті.  Темір жолда өз мектебін қалыптастырған маманның шәкірттері саналатын азаматтар да бүгінгі шарада сөз алып, ұстаздарына алғыстары мен жүрекжарды тілектерін жеткізді. Бөлімшедегі 18 есепшінің көбі оның шәкірті екен. Орнын басып, бөлімше директорының қаржы жұмыстары бойынша орынбасары қызметіне тағайындалған Сәрсен Егізбаев, жұмысты қатардағы есепші, көмекшіден бастап бас есепшісіне дейін көтерілген Гүлбану Алдабергенова,  Гүлбаршын Салблекова және Маңғыстау магистарльды желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев, Маңғыстау жол дистанциясының басшысы Жарылғап Дүйсенбаев пен оның орынбасары Жолдас Жетібаев та кезінде  Едіге Ыбырайұлының  тәжірибе мектебінен өткен мамандар екенін мақтанышпен жеткізді.  

Шахида Жұман

Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
Жаңалықтар
27.04.2026
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді
Аймақтар
27.04.2026
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Әлемде
24.04.2026
CRRC Нинбо қаласының маңындағы желілерге арналған жүрдек пойызды таныстырды
Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті
MyQaz.kz