Спорт оның хоббиі
Жаңалықтар
29.08.2017, 10:48
Әйтеке би вагон қарау бекетінің слесары Рауан Сағынаев шашасына шаң жұқтырмайтын желаяқтығы арқасында ауданда үлкен қашықтықта жүгіру марафонында алғашқы болып келгендердің бірі.
Рас, ол спортты тек хоббиім деп біледі. Негізгі таңдаған кәсібі – теміржолшы. Вагон шаруашылығының жас өкілі Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының түлегі. Қозғалысты ұйымдастыру мамандығы бойынша тәлім алған.
–Жаңа теміржол теліміндегі Домбар станциясында еңбек жолымды бастадым, Шалқар станциясында сигналист болдым. Алайда, осы саладағы өзгерістер мені бұрын болып көрмеген Әйтеке би станциясына әкелді. Әке-шешем теміржолшылар болғандықтан бұл саланы өзім таңдадым. Теміржолшы мамандығына оқуға өз қалауыммен түстім. Мақсатым – өз мамандығым бойынша кәсіби дәрежеге көтерілу, – деп ағынан жарылып сырын айтты жас теміржолшы.
Рауанның Әйтеке би ауданына Шалқардан келгеніне 6 айдың жүзі болған. Еңбек жолын бастағалы небәрі екі жылдың жүзі болған жас жұмыстан бос кезін спортпен айналысуға жұмсайтыны құптарлық іс екен. Қолы қалт етсе, жаттығу залына жүгіретін жігіттің салауатты өмір салтын ұстанатынына басшылар да риза, оны өзгелерге үлгі етеді.
– Жұмысым өзіме ұнайды. Ауысыммен, бір күн күндізгі ауысым, ертеңіне түнгі кезек. Содан соң екі күн демалыс. Кәсібімнің қыр-сырын толық меңгердім демеймін, аға буын әріптестерімнен әлі де көп нәрсені үйренудемін. Демалыс күндері бәріміз бірге футбол ойнаймыз, түрлі жарыстарға қатысамыз, – дейді 25 жастағы теміржолшы.
Асқар Ақтілеу, Әйтеке би
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы