KTZ Express Алматыдан Еуропалық одақ елдеріне Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) арқылы арнайы өндірістік жүктерді экспорттауға арналған мультимодальды тасымалды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жүктер 40 футтық контейнердегі арнайы ыдыстарда жеткізілуде. Маршрут негізгі логистикалық тораптарды қамтиды: Алматы – Ақтау – Поти – ЕО елдері. Жеткізу мерзімі 25-тен 30 күнге дейін.
Бастапқы кезеңде тасымал көлемі 20-дан 50 ЖФЭ-ге (жиырма футтық эквивалент) дейін жетеді. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті айына 100 ЖФЭ-ге дейін ұлғайту жоспарланған.
KTZ Express логистикалық қызметтің толық кешенін қамтамасыз етеді: жүктің жөнелтушіден бастап теміржол, Каспий және Қара теңіз арқылы теңіз тасымалына дейінгі барлық кезеңдері қамтылған.
Маршруттың теңіз арқылы өту бөлігі Maersk компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл – теңіз және мультимодальды логистика саласындағы әлемдегі ең ірі операторлардың бірі.