Рельсарқалық зауыты жаңғыртылады

Жаңалықтар
05.09.2017, 12:50
Оқуға 2 мин
Ақтөбе рельсарқалық зауытының жұмысына Елбасы жиі айтып жүрген 4.0 индустрияландыру элементтері енгізіледі. Жыл соңына дейін шығарылатын өнім көлемі қосымша артып, өндірістік-басқару технологиясы жаңа деңгейге көтерілетін болады. Мемлекет басшысының экономиканың жедел технологиялық жаңғыртылуы бойынша тапсырмасының жүзеге асырылуы талқыланған өткен жиында  бірінші жартыжылдықта өңірде жалпы сомасы 6 млрд теңгеге 10 кәсіпорын жаңғыртылғаны белгілі болды. Олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «АЗХС» АҚ және т.б. бар. Осы жылдың соңына дейін тағы 10 кәсіпорын жаңғыртылмақ. Жалпы алғанда, жақын арадағы бес жылда Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарды жалпы құны 400 млрд теңгеге жаңғырту жоспарлануда. Соның ішінде, кен игеру, металлургия, химия өнеркәсіптерінің, машина жасау саласының және т.б. кәсіпорындары модернизацияға ұшырайды. Бұдан өзге, өңірдегі «Қазхром», Ақтөбе рельсарқалық зауыты, Ақтөбе мыс компаниясы секілді ірі кәсіпорындармен 4.0 индустрияландырудың элементтерін енгізу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін шығарылатын өнім көлемі қосымша артып, өндірістік-басқару технологиясы жаңа деңгейге көтерілетін болады. Жалпы, өңірде өндіріс орындарын жаңғырту еңбек өнімділігін 9%, яғни 9 АҚШ долларынан 9,8 АҚШ долларына дейін арттыруға, жарақат алу қаупін 5% төмендетуге, өндірудің өзіндік құнын төмендетіп, өнімді қайта өндіруді 2% азайтуға, сонымен қатар, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берген. Сонымен бірге ешбір жұмыс орны қысқартылмаған.  «Біз Елбасы тапсырмасын орындау үшін барлық шараларды қолданып, әлемнің 30 дамыған елдері қатарына кіруіміз қажет. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары жаңа технологиялар мен инновациялардың енгізілуін бақылап отырулары тиіс. Ғылыми мекемелермен және ғалымдармен неғұрлым тығыз жұмыс жасау керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті өнім шығаратын боламыз», - деген  облыс басшысы Б.Сапарбаев өндіріс орындарын жаңғырту өнімді неғұрлым бәсекеге қабілетті етуге және әлемдік нарықта экспортқа бағдарлануына мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді