Құрық станциясына кадрлар дайындалуда
Маңғыстау арқылы темір жолы мен теңіз жолын байланыстырушы Құрық порты бүгінде еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, қазыналы түбектегі қазыналы нысанының біріне айналуда.
Ондағы экспорттық және импорттық жүктердің талапқа сай жөнелтілуі порттық станция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеуде. Құрық порты станциясы ашылғанда небәрі 18 маманмен жұмыс басталған болса, қазір штат саны 70 адамға жетті. 48 адам станция қызметінде болса, 16 маман вагон шаруашылығында және 24машинист бар. Теміржолшылардың 90 пайызын жастар құрайды.
Құрық станциясына жұмысқа қабылданған жас мамандар өзге станцияларда жұмысқа үйреніп, тестілеуден өткесін ғана мұнда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қазірде сондай 14 жас маман пойыз құрастырушы, тауар кассирі, құжат өңдеу операторы, жүк қабылдап-тапсырушы бағыттары бойынша Маңғыстау станциясында тәжірибе жинақтауда екен. Маңғыстау станциясы бастығысының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Айбол Есмұқановтың айтуынша, мұның алдында да бір шоғыр жас маман осы тәртіппен жаңа станцияға жіберіліпті.
- Маңғыстау - аймақтағы бірінші сыныпты екі станцияның бірі. 18 жолы бар, ірі өндірістік станцияда тәжірибеден өткен маман басқа кез келген станцияда жұмысты алып кете алады. Сондықтан Құрықтағы кадрлардың тәжірибе жинауға Маңғыстауға келуі алдымен өздеріне пайдалы. Бұл жерде 1,5-2 ай көлемінде жүріп, талай жылдан бері істің қыры мен сырын меңгерген теміржолшылардан үйреніп, сабақ алады. Құрыққа сынна өткен таңдаулы мамандарды іріктеп жібереміз,-дейді А.Есмұқанов.
Сол жас мамандардың бірі Ақерке Сақтағанова. Жуырда Маңғыстау станциясында белгіленген мерзімі яқталып, тестілеуден жоғары көрсеткішпен шыққан бойжеткенді енді Құрық станциясында жаңа жұмыс орны күтіп тұр.
- 2013 жылдан бері Бейнеу станциясында пойыз қабылдаушы болдым. Құрық порты ашылады деген хабар шыққалы осында ауысқым келетін. Арманым орындалды. Жұмысқа тұрдым. Станция теңіз жағасында, әдемі жерде орналасыпты. Қазіргі жүріп жатқан құрылыстар бітсе, әлі-ақ көзтартар қалашыққа айналары сөзсіз. Мұнда мен сияқты тағы талай тең-құрыбалырым арманына қол жеткізетінін болады. Өйткені Құрық - жай нысан емес, еліміз көз тіккен маңызды экономикалық аймақ. Келешегі қарқынды құрылыс, ал сол келешекті жасайтын біз – жастар емей, кім? -дейді Ақерке.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді