ҚТЖ мен Мерсин халықаралық порты Орта дәлізді дамыту аясындағы ынтымақтастықты талқылады

Жаңалықтар
30.07.2025, 08:52

Анкарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен Мерсин халықаралық портының бас директоры Аджай Кумар Сингхпен кездесу өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту, сондай-ақ Азия мен Еуропа арасындағы тиімді мультимодальды логистикалық шешімдерді құру мәселелерін талқылады.

Талғат Алдыбергенов Қазақстан тарапынан бұл бағыттағы жоғары қызығушылықты атап өтіп, тұрақты жүк ағындарын қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Мерсин портының Орта дәліз бойынша жүктерді өңдейтін негізгі хаб ретіндегі стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.

Келіссөздер кезінде порттың жүк көлемінің артуына дайындығы және жүк өңдеу қуаттарын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Логистикалық тізбекті тиімді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан тарапы Мерсин портына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен PSA International-дың бірлескен кәсіпорны – KPMC-нің әлеуетін пайдалануды ұсынды. Аталған кәсіпорын қазіргі уақытта Қытай – Түркия (Измит, Косекөй), Сиань – Ыстамбұл бағыттарымен қатар, Циндао – Хоргос – Сергели бағытындағы блок-пойыздар арқылы мультимодальды тасымалдарды белсенді жүзеге асыруда.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмыстар елдер арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті нығайтуға және өңірдің транзиттік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда