Энергияжинақтау технологиясына тәнті болды
Қыркүйектің 6 күні «Астана – Нұрлы жол» вокзалында Жапонияның жаңа энергетикалық және өнеркәсіптік технологияларын дамыту бойынша мемлекеттік ұйымының (NEDO) президенті Миямото Акихико құрметті қонағы болды.
Мәртебелі мейманға заманауи вокзал кешенін «Астана – Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешені бастығының орынбасары Нұрлан Аманжолов аралатып көрсетіп, таныстырды. Миямото Акихиконы жаңа вокзалға қолданылып отырған соны энергияжинақтау технологиялары қызықтырды.
–Менің Астанаға алғаш рет келуім. Қазақстанның елордасында осындай заманауи технологияларды қолданып отырған үлкен вокзал кешенінің бой көтеріп, ел игілігіне қызмет етіп жатқаны қуантады. «Астана – Нұрлы жол» вокзал кешені Орталық Азиядағы кең ауқымды бірегей нысан. Әсіресе, мені жаңа вокзалды салу барысында соңғы үлгідегі энергияжинақтау және смарт технологияларын пайдаланғандары тәнті етті. Қазақ еліне, вокзал ұжымына ілтипатымыз шексіз, бізді жылы қабылдап, сәулетті де ерекше маңызды стратегиялық нысанмен кеңінен танысып, мол мағлұмат алуға ілтипат білдіргендеріңізге рахмет, – деді Миямото Акихико.
Оның айтуынша, NEDO Жапонияның Экономика, өнеркәсіп және сауда министрлігінің құрамына кіретін ірі жапондық мемлекеттік агенттік болып табылады. Бұл ұйымның негізгі қызметі Жапонияға заманауи жоғары технологиялық жабдықтар мен энергияжинақтаушы технологияларды енгізуге және оларды пайдалануға қаржылай көмек көрсету болып табылады екен. NEDO Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатқан. Ол Орал ТЭЦ-ке тиімділігі жоғары газ турбинасы қондырғысын енгізуге қатысты Модельді жобаны бірлесе жүзеге асырған болатын. Жапондық қонақтар «Астана – Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенімен қатар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашаламақ. Кездесу соңында Миямото Акихико вокзал кешені ұжымына шағын ескерткіш сыйлық табыстады.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр