Ел мен елді жалғаған...
Қазақстан темір жолымен жолаушылар тасымалы бағытында 147 жұп пойыз қатынаса, соның ішінде 32 пойызды халықаралық бағыттағы пойыздар құрайды.
Жолаушылар тасымалын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқан бүгінгі таңда бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сервистік қызмет көрсету сапасы жылдан жылға жақсартылып, пойыздар саны артып, ауыстырып отырғызбайтын вагондар, соның ішінде ең өзекті бағыттарға қатынайтын құрамдар көбейіп жатыр.Тұлпар-Тальго жүрдек пойыздарынан құралған пойыздар республиканың барлық аймағын қамтып, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға барлық қызмет қол жетімді болу үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық вагондар қауіпсіз әрі жайлы жүрудің жоғары талаптарына сәйкес болуы ескерілуде.
Ал алыс-жақын шет елдерге қатынайтын қазақстандықтар үшін қандай жағдай жасалған дегенге келсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы-2 – Ташкент, Алматы-2 – Саратов, Алматы-2 – Астана – Нұрлы жол – Үрімші, Астана – Челябинск, Қарағанды – Мәскеу, Қарағанды-Омбы, Алматы-2 – Новосібір, Алматы-2 – Екатеринбург, Алматы-2 – Нүкіс және Атырау – Астрахань бағытындағы он шақты халықаралық пойызды жүргізіп отыр. Сонымен бірге Қазақстан аумағы арқылы ТМД елдерінде құрастырылған транзиттік пойыздар қозғалысы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, олар: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларус елдерінің пойыздары. Осылайша Қазақстан бағдары арқылы 22 халықаралық пойыз қатынайды. Олар: Ташкент-Мәскеу, Үрімші-Алматы-2, Бішкек-Мәскеу, Әндіжан-Мәскеу, Бішкек-Екатеринбург, Ташкент-Екатеринбург, Барановичи-Қарағанды, Душанбе-Мәскеу, Ташкент-Ургенч-Волгоград, Куляб-Мәскеу, Ташкент-Ургенч-Саратов, Худжанд-Мәскеу, Челябинск-Ташкент, Ташкент-Новосібір, Ташкент-Уфа, Бішкек-Новосібір, Томск-Лениногорск, Оренбург-Ташкент, Самара-Ташкент, Кунград-Бейнеу, Самарканд-Астана-Нұрлыжол және Душанбе-Астана-Нұрлыжол пойыздары.
- Бүгінде ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрлікпен бірге және өзге де тиісті қызметтермен бірлесе Астана-Орал және Алматы-Орал бағытында Тұлпар-Тальго пойыздарын Ресей аумағындағы шекарада кідіртпей өткізу мәселесі қарастырылып жатыр, - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Бейбіт Қойшығұлов.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында болған маңызды оқиғаның бірі Қазақстанның «MERITS-PRIFIS» халықаралық теміржол жолаушылар тасымалы жүйесіне кіруі болды. Бұл еліміздің шетелдік теміржол әкімшіліктерімен Халықаралық теміржол одағына қатысушы елдер пойыздарының бағдарлары, билетінің құны мен жүру кестесі туралы ақпараттармен бөлісіп отыруына мүмкіндік береді. Елімізге келген шетелдік туристер Қазақстан аумағы арқылы жүретін пойыздардың бағдарын ертерек біліп, on-line режимде билет ала алады. Қазақстандық туристер үшін баламалы мүмкіндіктер ұсынылады: атап айтқанда, Еуропа елдері мен алыс шетел пойыздарына билетке тапсырысты үйде отырып бере алады. Халықаралық жолаушылар бағдарын дамыту шеңберіндегі тағы бір маңызды жаңалық 2017-2018 жылдарға халықаралық теміржол қатынасындағы жолаушылар пойыздарының жинағын жүргізу болды.
Мадина ТҰРҒЫНБАЕВА
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр