ҚТЖ «HR-бренд 2025» байқауында жүлделі орынға ие болды

Жаңалықтар
01.08.2025, 11:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық Қазына» АҚ компаниялар топтары арасында өткен «HR бренд-2025» корпоративтік байқауының марапаттау жиыны салтанатты түрде аталып өтті. Байқау нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Іріктеу шебері» аталымы бойынша марапатталды.  

Байқау мақсаты - үздік HR-тәжірибелерді анықтау және тарату. Оған бес номинация бойынша 25 кейс: кадрларды іріктеу, таланттарды дамыту, цифрландыру, қызметкерлерді тарту және басқарудың инновациялық әдістерін ұсынған 9 компания қатысты. Жиынды сөз сөйлеп ашқан «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов бұл нәтижелер – жай кезекті байқаудағы жеңіс қана емес, бұл қордың портфельді компаниялардың бизнестегі іргетасын құрайтын мықты HR компаниялардың еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.  

-Қор компаниялардың технологиялары мен процестердің дамуына көп көңіл бөледі. Осы ретте HR қызмет те көштен қалмауда. HR саласындағы байқау қор тарихында алғаш рет өткізілді. Бұл бастамасы ғана. Енді ол дәстүрлі жалғасын тауып отырады. Биыл ұсынылған кейстердің әрқайсысы  ерекше. Бастысы оларды HR саласында қолдануға болады. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ кәсіптік техникалық білім беру жүйесі де реформалануда. Адал еңбек қашан да бағалануы керек. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау – біз үшін басым бағыт. Бұл ретте көптеген жұмыстар атқарылуда, - деп басқарма төрағасы Қор көлемінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап шықты.  

Одан әрі аталған байқау жеңімпаздарын марапаттауға көшті. Алдымен «Іріктеу шебері» аталымы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті ортаға шақырып, марапатын ұсынды. Одан әрі өзге де қор құрамындағы 4 компанияға аталым бойынша марапаттарын тапсырды. Атап айтқанда, «Самұрық -Энерго» АҚ «Таланттар сәулетшісі», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «HR серпілісі», «Қазпошта» АҚ «Белсенділік драйвері», KЕGOС компаниясы «Цифрлық HR жетекшісі» аталымдарымен марапатталды. Сонымен қатар байқауға қатысқаны үшін бірқатар компаниялар Алғыс хаттарға ие болды.  

Іс-шараның екінші бөлігі «HR Talks» сессиямен жалғасты. Сессия тақырыбы  - «Еңбек қатынастарының реформалары» туралы болды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды