Көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Жаңалықтар
01.08.2025, 15:17
Фото: primeminister.kz

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті. Премьер-министр өз сөзінде көлік-логистика секторының ел экономикасын дамытудағы басты рөлін атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға көлік секторының әлеуетін арттырып, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту міндетін қойды. Бұл орайда, жолаушылар мен жүк тасымалын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етіп отырған көлік қызметкерлерінің қажырлы еңбегі қашанда маңызды. Отандық көлік саласы биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 22,7% деңгейінде қарқынды өсім көрсетті. Мұның барлығында өздеріңіз сияқты сала мамандары мен ардагерлерінің маңдай тері, адал еңбегі жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру бойынша ауқымды шаралар атап өтілді. Қазіргі уақытта 13 мың шақырым автожол жөнделуде, 1,3 мың шақырымнан астам жаңа теміржол желілері, заманауи логистикалық хабтар мен әуежайлар салынуда. 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктердің көлемін 100 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін қоса алғанда, мультимодальды маршруттарды дамытуға ерекше назар аударылуда – бұл жобаны жүзеге асыру үшін Ақтау және Құрық порттары жаңғыртылуда.  

Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша биыл наурыз айында Ұлттық құрылтай отырысында Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз бағыты бойынша ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» магистралінің құрылысы басталды, бұл елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы маршрутты 560 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар авиация саласының дамуы да атап өтілді. Еліміздің түгелдей дерлік әуежайында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесі бар. Туризмді дамыту мақсатында Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынуда. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында жаңа жолаушылар терминалдары ашылды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министр Қазақстанның көлік саласы тұтастай алғанда жаңа цифрлық шешімдерді, оның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық диспетчерлендіруді енгізу нәтижесінде барған сайын технологиялық және клиентке бағдарланған сипатқа ие боп келе жатқанан атап өтті. Олжас Бектенов Президент атынан еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табыс етті.

«Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында мемлекеттік марапаттар жүйесіне алғаш рет “Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері” деген құрметті атағы енгізілді. Мұны Мемлекет басшысының және бүкіл Қазақ елінің өздеріңіз сияқты нағыз еңбек адамдарына деген шынайы құрметі деп қабылдаңыздар. Бүгін еліміздің басқа да өңірлерінде көлік саласының өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлерін ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Республика бойынша 200-ге жуық адамға мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табысталады. Бұл – ел игілігі жолында еселі еңбек етіп жатқан отандық көлік саласы қызметкерлерін қолдаудың айқын көрінісі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Марапатталғандар атынан Қанат Шаймин мен Әнуарбек Шұлғауов сөз сөйледі. Көлік саласының қызметкерлері Президентке ризашылықтарын білдіріп, олардың еңбегіне берілген жоғары баға Қазақстан игілігі үшін әрі қарай да адал жұмыс істеуге ынталандыратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысына біздің еңбегімізді мойындағаны және құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ел игілігі үшін қажымай еңбек ету – біздің азаматтық борышымыз. Бұл марапат – біз үшін үлкен қуаныш. Одан әрі де адал қызмет етуге жаңаша жігер мен шабыт береді. Еңбегіміз халық игілігіне жарасын», — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры Әнуарбек Шұлғауов.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды