Еуразиялық көлік дәлізін құру – уақыт талабы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Одессада өткен «Еуропа – Азия көлік дәлізін ықпалдастыру» атты 2-ші халықаралық конференцияға қатысты.
Қыркүйектің 8-де өткен конференцияда қазіргі қолданыстағы құрлықтық, теңіз және әуе тасымалы логистикасын жетілдіру, еуразиялық кеңістіктегі көлік бастамашылықтарын өзара ынтымақтастықпен жүзеге асыру, Еуропа – Азия ықпалдасқан көлік дәлізін дамыту жайы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге Қазақстанның қатысы мен мүддесі туралы Қанат Алпысбаев сөз сөйледі. Еуразия құрлығында тоғыз жолдың торабына орналасқан Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне тоқталған ҚТЖ басшысы еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліздер мен көлік жолдарын жасақтау – аса қажетті уақыт талабынан туындап отырған құбылыс екенін жеткізді. «Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында Еуразиялық көлік дәлізінің жаңа архитектуралық нобайы жасақталды», – деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Азия – Еуропа бағдарындағы трансқұрлықтық транзиттік тасымалдауды белсенді дамытуда. Қазіргі таңда Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай терминалы жұмыс істейді. Жаңа теміржолдар салынды. Қазақстан-Қытай шекарасында Құрғақ порт пайдалануға берілді. Каспий жағалауында Ақтау, Құрық порттары дамып келеді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА табысты қызмет етуде. Компанияның бастамашылығымен ТХКБ Үйлестіру комитеті жасақталды.
«Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың бірқатар варианттары мен қосымша мүмкіндіктері қарастырылып, оның ішінде Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украинаға шығады. Қазіргі таңда негізінен Қытай – Еуропа – Қытай бағдарындағы контейнерлік жүк ағынын Қазақстан тарабы жылжымалы құраммен толық қамтамасыз етіп келеді», – дей келіп Қ. Алпысбаев Қытай – Қазақстан –Кавказ –Түркия және Шығыс Еуропа бағдарындағы әлеуеті 2020 жылдарға дейін 300 мың ЖФЭ контейнер тасымалдауға жететіндігін мәлімдеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының пікірінше, «ТХКБ бағдарын әрі қарай дамыту үшін көлік дәлізіндегі қатысушы елдерге фитингілік платформаларды жасақтап, бизнес үдерістерді синхрондау, ИТ платформаларды бірыңғайландыру, әкімшілік және кедендік кедергілерді азайту, кері қарайғы бағдарларды да жүкпен қамтамасыз ету қажет.
«Контейнерлік пойыздарды технологиялық ұйымдастыру шарттарын келісу, жол жүру мерзімін барынша қысқарту, тасымалдау бағасын оңтайландыру, Каспий және Қара теңіз арқылы Қытай – Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия – Еуропа бағдарындағы бақылау үдерістерінде жеңілдікті мүмкіндігін жасау, баламалы негіздегі бәсекелестікті табысты жүргізу қарастырылады», – деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
Халықаралық шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «Украина темір жолдары» АҚ басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Е. Кравцовпен және Украина Инфрақұрылым министрі В. Омелянмен кездесіп, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Ол мәлімдемеде конференцияға қатысушы мемлекеттердің экономикалық және сауда қатынастары әлеуетін бірлесіп пайдаланып, Еуразия кеңістігіндегі көліктік бастамашылықтар мен болашағы зор жобаларды жүзеге асыру көзделеді.
Ескендір Абытхан
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр