Әріптестер бағасы жоғары
Халықаралық жолаушылар форумына келген шетелдік әріптестер шара бағдарламасына сәйкес Астанадағы бірқатар темір жол нысандарын аралап, олардың жұмысына жоғары баға берді.
Атап айтқанда, алдымен олар «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт жұмысымен танысты. Зауыттың дәнекерлеу, жинақтау, бояу, тіркеу цехтары мен қоймаларын аралап, кең шанақты вагондарды жинақтау жүргізіліп жатқанын көзбен көрді.
«Тұлпар-Тальго» зауыты – мемлекеттік инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған,ТМД елдерінде баламасы жоқ алып жоба. 2011 жылдың желтоқсанында ашылған зауыт халықаралық сапа стандарттарына, өндіріс процесінің нәтижелілігіне сай жобаланып, салынған. Оның құрылысына 80 миллион доллар инвестиция тартылған. Тағы бір ерекшелігі, «Тұлпар-Тальго» вагоны өте жеңіл. Себебі, пойыздың іші-сырты жеңіл металл – алюминиймен қапталған. Сағатына 200 шақырым шапшаңдықпен жүйіткитін вагондар Қазақстанның климаттық ауа райына қолайлы етіп жасалынады. Қыста да, жазда да вагонның іші тұрақты температураны сақтап тұрады. Зауыт мамандары оның осы және өзге де ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, қонақтарға кеңінен ақпарат берді. Зауыттың әрбір цехына бас сұғып, вагон құрастыру жұмыстарына куә болған және өз сауалдарына жауап алған меймандардың кәсіпорын туралы пікірі жоғары болды.
Тәжік темір жолдары бастығының орынбасары Усмон Каландаров:
–Мұндай зауыт Орталық Азияда жоқ. Зауыттан қазіргі заман талаптарына сай, жолаушылардың жайлылығы үшін бәрі бар вагондар жасап шығарылып жатыр. Кең шанақты болсын немесе тар шанақты болсын, ең бастысы вагондарда жолаушының барлық қалауы қанағаттанарлықтай сервис болмақ, керектінің бәрі бар.
«Эстония темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Эрик Лайдвэе:
– Өте таза, жақсы ұйымдастырылған өндіріс. Өнімдері де әрине, қазіргі заман талаптарына сай жоғары сападағы вагондар. Бұл өнімдерді таяу уақытта экспортқа шығару керек деп санаймын. Темір жол өндірісін дамытып жатқан қазақстандық әріптестерімізге тек сәттілік тілейміз!
– Беларусь темір жолы бастығының орынбасары Владимир Балахонов:
Мен Қазақстанда жиі боламын. Сондықтан мені ерекше таңқалдырғаны – мұндағы қарышты даму. Алдымен машина жасау саласының дамуы қуантады. Қазақстанның кең жазық даласында қаншама км жаңа жолдар салынуда. Олардың бойымен жүретін жүрдек пойыздар шығарылуда. «Тұлпар-Тальго» зауыты ауқымы жағынан Испаниядағы осындай зауыттан үлкен екен. Қуаттылығы да зор. Алдағы уақытта жылжымалы құрам өндірісі тек осы ел үшін ғана емес шетелдерге де тапсырыспен шығарылатынына күмән жоқ.
Бұдан соң ТМД және Балтық елдерінен келген теміржол әкімшіліктерінің жетекшілері Тұлпар-Тальго вагондарына жайғасып «Нұрлы жол» жаңа вокзалына қарай жол тартты.
Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
Суретті түсірген Серік ЖОЛДАСБЕКОВ
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр