Ауырсалмақты пойыздар тартымдылығы артуда
Ресей астанасы Мәскеуде өткен «ЭКСПО 1520» техника және технологиялардың VI-шы Халықаралық темір жол салоны шеңберінде 1520 кеңістігі темір жолдарының бас инженерлері бас қосты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан компанияның бас инженері Батыр Қотырев пен Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев қатысты.
Пікір алмасу форматында өткен жиында, оське түсетін жүктемесі 27 тоннаға дейін салмақты құрайтын, жүк көтергіштігі жоғары вагондардың 1520 кеңістігінде пайдаланылуын ұйымдастыруға инфрақұрылымдардың қаншалықты дайын екендігі талқыланды.
Жиынға қатысушылардың барлығы, шешім қабылдауға қолбайлау болып отырған негізгі фактор ретінде, жоғары осьтік жүктемесі бар вагондарды тоқтаусыз өткізу үшін инфрақұрылымдар, соның ішінде жасанды құрылыстардың техникалық күтімі мен жөндеу бағасына қатысты толық ақпараттың жоқтығын атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев темір жол тасымалының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, вагондардың жүк көтергіштігін арттыру және локомотивтердің тартымдық сипатын қамтамасыз ете отырып, жылжымалы құрамның өнімділігін арттыру арқылы тасымалдың өзіндік құнын төмендету қажет екенін атап өтті.
«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде нарықты қорғаумен байланысты стратегиялық мүдделерді ескере отырып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы биылғы жылдың 1-қыркүйегінен бастап, жоғары осьтік жүктемесі бар жылжымалы құрамның инфрақұрылымға ықпалын бағалау мақсатында Екібастұз – Қарағанды бағдарында оське 25 тонналық жүктеме түсіретін жүк вагондарын пайдалана отырып, бақылауға алуға кірісті», – деді Батыр Қуанышев.
Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев, темір жол әкімшіліктерінің ішінде ғана емес, жетілдірілген техникалық сипаттағы жылжымалы құрамды пайдаланушы әкімшіліктерімен де өзара байланысты күшейтуге шақырды. Сондай-ақ, осы бірлескен жұмыс шеңберінде 25 және одан көп тонналық осьтік жүктемесі бар вагондардан құралған салмағы ауыр әрі ұзын жүк пойыздарының тұрақты айналымда болуы үшін темір жол көлігі инфрақұрылымдарын дайындауға қатысты темір жол әкімшіліктері арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасалу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар «ЭКСПО 1520» шеңберінде «Объединенная вагонная Компания» Ғылыми-өндірістік корпорациясы» көпшілік акционерлік қоғамы мен «Ресей темір жолдары» ААҚ арасында 19-9855 арбашықтары орнатылған «Тихвинский вагоностроительный завод» ЖАҚ өндірісінен шыққан вагондардың жолдарға ықпалы бойынша сынақ нәтижелерін ұсынуға қатысты келіссөзге қол жеткізілді. «Бұл келіссөз сынақ нәтижелерін шығару үшін және арбашықтарды нормативті-техникалық құжаттарға қосу үшін керек. Ал ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының 1520 (1524) милиметрлік табандықтағы темір жолдарында жылжымалы құрамдар жүріп өткенде вагондардың қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын анықтап бермек» деп ақпар берді мәскеу сапарынан оралған Талғат Қанатбаев.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр