25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Биыл елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталмақ

Жаңалықтар
19.08.2025, 11:06
Қазақстан теміржолшысы

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ол теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым екенін атап өтті.  

Тасымалдардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол құрылысын салу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 11 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі кезде 5 жоба бойынша жаңадан құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар – «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» «Бақты – Аягөз» учаскелері және «Алматы айналма теміржолы».

Биыл мерзімінен бұрын екі ірі жоба аяқталмақ. Олар «Достық – Мойынты» учаскесі және «Алматы айналма теміржолы».

Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдары іске қосылмақ.

Сонымен бірге, биылдан бастап 3 мың шақырымдық теміржол учаскелерінде кең ауқымды жаңғыртулар басталды.

«Бұл жұмыстарды жаңа жолдарды салумен бірдей дәрежеде қарастыруға болады. Мысалы, «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесінің өткізу қабілеті 8 пойыздан 25 пойызға дейін, ал «Қандыағаш – Тобыл» 7-ден 25-ке дейін артпақ. Бүгінгі күнде аталған жобалар Қазақстанның теміржол негізін толығымен қалыптастырады деп айтуға болады», — деді Нұрлан Сауранбаев.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндады.

Ол соңғы жылдары, Ресей мен Өзбекстан бағыттарында өткізу қабілетін арттыру мәселесі толығымен шешілгенін атап өтті. Мысалы, Сарыағаш түйіспесінде бұл көрсеткіш 24 пойыздан 35 пойызға дейін жеткізілді.

Шілдеден бастап Қытай бағыты бойынша «Достық – Мойынты» желісінде қосымша пойыздар жүрісі басталды.

«Осылайша, теміржол түйісу пункттерінің мәселесі шешімін тапты. Қазақстан Темір Жолы еліміздегі бизнес өкілдерінің экспорт пен импортқа деген сұранысын толығымен қанағаттандыруға міндетті. Болашақта мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін 296 млн тоннаға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде