Емтихан алдындағы дайындық
Қызылордада өткен жастар тренинг-семинары екі күнге созылды. Қорытындысын алдағы күзде өтетін Республикалық жастар форумында белгілі болмақ. Демек, аймақтарда өтіп жатқан тренингтер үлкен емтиханға дайындық деп бағалауға болады.
«Болашақ басқарушылар» және «Менеджмент жобасы» тақырыптары аясында ұйымдастырылған семинар-тренингтің өткізілуіне Ұлттық компания басшылығы ұйытқы болса, арнайы шақырылған тәжірибелі тренерлер аймақ жастарының алдағы уақытта уақытты үнемдеу, ұжыммен жұмыс жасау, ситуациялы мәселелерді шешу жолдарын үйретіп, тәжірибе жиып, көпшілікпен жұмыс жасау әдістерін көрсетіп, жаңа жобалар дайындаудың сан түрлі әдістерінен дәріс беріп, шыңдалу сабақтарын жүргізді.
Екі бағытта жүргізілген жастар форумында «Болашақ басқарушылар» жобасы саланың алдағы уақытта тізгінін ұстаушы тұлғалардың қалыптасуына мүмкіндік жасау және де өз ісін жан-жақты меңгерген, кез-келген қиын жағдайлардан ұжымын адастырмай алып шыға алатын басшы тұлғалардың қалыптасуы мен бейімделуге баулу мақсатын көздейді. Ал «Менеджмент жобасында» аймақтың теміржолшы жастардың өндіріске тиімді, саланың алға жылжуына әсер беретін көпшілікке де, компанияға да оңтайлы жобаларды дайындау тәсілдерін үйретті.
–Сыр бойындағы теміржолшы жастардың жаңалыққа құштарлығы, өз ойын еркін жеткізіп, екі жобада да түрлі ұсыныстар айтып, тың жобаларды ұсынуы біздерді де, дәріс өткізген тренерлерді де таң қалдыруда. Аймақ жастарының алғырлығы, кәсіби маман болып қалыптасуда беделді тренерлерден өздеріне керекті мағлұматтар сұрап, оларды жиі мазалауы да өңір жастарының өзге аймақтарға қарағанда белсенді екендігін аңғартады. Екі күн ішінде олармен еркін араласқан біздер, бұрыннан таныс кісісілердей, жатырқаспай жақын болып кеттік. Болашақ басқарушылардың тобын жасақтау, жастарды табысты жұмыс жасауға даярлау, жастардың бос уақыттарын қызықты да көңілді өткізуіне ықпал етуді көздеген екі күндік семинар жұмысының қорытындысын алдағы күзде өтетін өтетін Республикалық жастар форумында анықтайтын боламыз әрі олар кадрлар резервіне тіркелетін болады. Оған осы бүгін дайындалған жобалардың ең үздігін әзірлеген жастар тобы жолдама алады. Үздіктерге даярланған тосынсыйдың бәрі сол форумда беріледі, ал бүгін тренингке қатысқанын растайтын арнайы сертификаттар берілді, – деді қызылордалық жастардың екі күнгі жұмысына куә болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ ... адам ресурстары департаментінің менеджері Назира Бердібекова.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр