Сервис стандартқа сай болсын 

Жаңалықтар
15.09.2017, 10:24
Оқуға 2 мин
Қазақстанның теміржол бекеттеріндегі вокзал ғимараттарында жолаушы халыққа көрсетілетін сервистік қызмет соңғы жылдары әлдеқайда артып, қызмет көрсетудің түр-түрі пайда болғаны рас. Соның ішінде ірі вокзалдарда мүгедектерге арналған сервис, яғни қол арбадан бастап, арнайы автотұрақтың болуы, мүгедектер жолының қарастырылуы сынды қажеттіліктер жасалуы шарт. Қызылорда теміржол вокзалында мүгедектердің вокзал перронына көтерілетін пандустардың талапқа сай болмауына байланысты мәселе көтеріліп, бұл жайында «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жарияланған болатын. Арада көп уақыт өкізбей Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығы бөлімі мамандары аталған кемшілікті жоюды қолға алыпты. Вокзал ғимаратында жергілікті тұрғындарға, жолаушыларға және де мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген сервистік қызмет пен жеңілдіктер жайы жан-жақты ойластырылып, арнайы бағдарлама жасалыпты. Ал мүгедектерге арналған пандустарды стандартқа сай етіп ретке келтіру жұмыстарына қажетті қаражатты бөлімше басшылығы өз күштерімен тауып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұру жағдайларын қамтамасыз етті. Вокзалда мүгедек жандар үшін жасалған жұмыс нәтижесін көзбен көріп, бағасын беру үшін  құрамында «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева, Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Мұрат Жұмаділаев, Магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ғалымжан Жұмағұловтар бар арнайы  комиссия құрылып, олар стандарттық жүйеге келтірілген пандуспен арбаға таңылған адамның еркін жүріп-тұруын іс жүзінде тексеріп көріп, атқарылған жұмысқа оң баға берді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр