Астанаға мықтылар барады
Атырау қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ-ның –«Атырау бөлімшесі» филиалы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Қазақстандық салалық-теміржол, автомобиль, әуе су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы»ҚБ-нің 25 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті.
Теміржолшылардың салауатты өмір салтын ұстануын мақсат еткен және «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы»ҚБ-нің 25 жылдығына орай «Темір жол футбол лигасының кубогі-2017» атты спорттық шараға атыраулық теміржолшылар 7 команда болып бақ сынасты.
Таратып айтсақ, Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Атырау станциясы, Атырау локомотив пайдалану депосы, Мақат локомотив пайдалану депосы, АқЖайық белгі беру және сигнализация дистанциясы, Атырау элктрмен жабдықтау дистанциясы, Атырау вагон пайдалану дистанциясы және «Вагон-сервис» командаларының қатысумен өткен турнирдің ашылу салтанатында Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов салауатты өмір салтын сақтауды үнемі назарда ұстанатын атыраулық теміржолшыларға жеңіс тіледі.
Жасыл алаңда әдемі ойын өрнегін салған жеті команда өз мекемелерінің абыройлы жеңісі үшін барлық күш-жігерін салып ойнады. Барлық команда тыңғылықты дайындықтарын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Атырау станциясы, 2 жүлделі орынды Атырау локомотив пайдалану депосы , 3 орынды Мақат локомотив пайдалану депосы иеленді. Жүлделі орын алған командалар аранйы дипломдармен марапатталды. Енді жеңімпаз үш команда ойыншыларынан «Атырау» құрама командасын жасақтап, қыркүйек айының 20 күні Ақтөбе қаласында өтетін батыс аймақтық турнирге баратын болады. Ал Батыс аймақтан 1 орын алған команда Астана қаласында өтетін финалдық ойынға жолдама алады.
Турнирді өткізу шығындарын Атырау аймақтық кәсіподақ мекемелері өз жауапкершіліктеріне алған.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр