Аспан асты мұражайына сенбілік
Есімдері ескерткішке ойылып жазылып, ел ісінде мәңгі қалған теміржолшы-майдангерлерге арналған аспан асты мұражайы теміржол мекемелерінің көбінеде бар.
Жалынды жастық шағын оқ пен от астында өткізген, туған елмен қауышуды тағдырына жазбаған кешегі теміржолшы майдангерлерге және сұрапыл соғыстан елге аман-сау оралып аймақ теміржолында ерлік пен еңбектің үлгісін көрсеткен ардагерлерге Қызылорда локомотив пайдалану депосы мен Қызылорда жол дистанциясы ауласында ашылған аспан асты музейі мен мемориалды-ескерткіштер маңын шөп-шаламдардан тазартып, демалыс орындарын аббаттандырып сенбілік ұйымдастыру қос мекеменің теміржолшылары үшін парыз саналады. Осы мақсатта сенбілік ұйымдастырған қос мекеме теміржолшылары таңертеңнен қолдарына сыпырғыш пен күрек-тырмасын алып, ескерткіштердің шаң-тозаңнан сүртіп тазартып, әрлеу-сырлау жұмыстарын жасап жаңа кейіпке келтіріп, маңын арам шөптен арылтып, қоқыстарды шығарды.
Келешек ұрпаққа баянды болашақ сыйлау жолында саналы ғұмырларын сарп еткен теміржолшылар ескерткішін жаңғырту мақсатында өткізілген сенбілікке «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Базара Танбаева бастаған «Теміржол» филиалының белсенділері де өз үлестерін қосып, тазарту жұмыстарына атсалысты.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр