Жаңа технология жерсінбей жатыр
Шымкент – Түлкібас телімінде 8 станция орналасқан. Осы аралықтағы СОБ бойынша телім бастығы Мәлік Бақтиярұлы әр бекетке тоқсанына бір келіп, екі механик пен үш монтердің жұмысын қадағалайды.
Жиырма жылға кепілдігі бар итальяндық Альстом электр жетегін күтіп-баптауға байланысшылар да үйренген. Тек, оның кері тұстары да жоқ емес. Бұл құрылғы қазір Алматыда құрастырылуда.
– Апта сайын тексеру кезінде Альстомның сыртын тазалап, сымдарын түзегеніміз болмаса, ішін ашуға рұқсат жоқ. Ашқанда оның қосалқы бөлшектері қат болуда. Сондықтан, қауіпті жағдайда істен шықса Алматыдағы зауытқа жібереміз. Немесе арасында қолдан жөндеуге келетіндерін қарастырамыз. Альстом Алматыға «кеткенде» 4 сағаттық толаскез алып, орнына бұрынғы СП-6 электр жетегін қосамыз. Электр жетегі ауысқаннан пойыз кестесіне зиян келмеу керек. Шыныны айтсақ, жаңа технология жерсінбей жатыр. Құрылғының жиі сыр беруінің себебі көп. Мүмкін біздің елдің ауа-райына сай емес шығар. Оның үстіне Итальяда шпалдарға қимылдамайтындай етіп, бетон-моналит құйып орнатады. Бізде жүк пойыздары жиі өткен сайын бетон мейлі бөрене шпал болсын қатырған жерінен айнып, жылжып тұрады. Осының өзі аталған құрылғыға кері әсер етсе керек. 2013 жылдан бері 146 дана Альстом орнатылған. Бұл жетек типіне қарай Р-65 рельстеріне қойылады. Альстом – жаңа технология болғанымен, бұрынғы ресейлік СП-6 электр жетектері де бұдан кем емес. Бағасы да тиімді. Бұзылып қалса қосалқы бөлшектері де оңай табылады. Әрі ішін ашып, өзіміз ауыстыра береміз,- дейді Мәлік Бейсенов.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды