Заң талаптары таныстырылды

Жаңалықтар
19.09.2017, 11:15
Оқуға 2 мин
ҚР «Прокуратура туралы» заңға енгізілген өзгерістерді теміржолшылардың жете білуін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты көтеру, заң талаптарын таныстыру мақсатында Қызылорда ЖТ бөлімшесінде  Қызылорда көлік прокуратурасының ұйымдастырумен кездесу өтті.  Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев, Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев,  Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шүленбаев, Қызылорда станциясы ІІЖб басшысының орынбасары Ербол Құттыбаев тағы басқа жауапты тұлғалар  қатысқан кездесуде  заңға енгізілген өзгерістер жайлы осындай түсіндірме жұмыстарының қажеттілі назарға алынды.   Прокуратура саласында жүргізілген өзгерістер мен жаңалықтар жайлы баяндама жасаған Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шүленбаев ҚР  Конституциясының 83 бабына 22 жыл ішінде бірінші рет өзгеріс енгізілгенін, үстіміздегі жылдың 30 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңына қол қойғанын жеткізді. Баяндамашы прокурордың өкілетілігі және жауапкершілігі, міндеті мен құқығы, прокурорлармен тексерулердің қысқартылғанын, жалпы заңға енгізілген өзгерістермен теміржолшыларды таныстырды. Прокурордың айтуы бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес бұдан былай кәсіпкерлік субъектілерін тексеру Президенттің немесе Бас прокурордың рұқсатымен ғана жүргізілетіндігін, заңға енгізілген өзгерістерде жұмыскердің құқығын қорғау тетігі жасалып отырғанын, көптеген қызметкерлер заң талабын білмегендіктен әр түрлі күрделі мәселелер туындап жататынын да жасырған жоқ. Заң талаптарын білу және заңға, тәртіпке бағыну – әрбір адамның міндеті екендігі ескертілді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды