Сапа – тасымал құжаттарын сауатты өңдеуде

Жаңалықтар
19.09.2017, 11:29
Оқуға 3 мин
Семей жүк тасымалы бөлімшесінде өткен  тасымал құжаттарын өңдеу бойынша технологиялық орталық мамандары ұйымдастырған техникалық дәріс түріндегі жиын бірқатар келелі мәселелерді кеңінен қамтыды. Семинарға станция басшыларының логистика бойынша орынбасарлары, жүк аудандары басшылары, тауар кассирлері, жүк пен багаж қабылдап-өткізушілер мен АСУ бөлімі мен жүк тасымалы бөлімдері мамандары қатысты. Жиынның басты мақсаты станциялардағы тауар кассирлері жұмысын сапалы жүргізу, жүк тасымалы бойынша жүргізілетін төлемақы есебінің қателіктерін болдырмау. Басқосуды ашқан бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев осы уақыт үлесіндегі жүк айналымы бойынша атқарылған шараларға тұжырымды түрде тоқталып өтті. Сондай-ақ, бұл тараптағы жаңашылдықтардың нәтижелі екендігін жеткізді. Аймақ теміржорлының басшысы атап өткендей, қазіргі күні бөлімше «Келісімді және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесіне 100 пайыз енгізілді. Яғни, жүкті жеткізу бойынша клиенттермен жүргізілетін құжаттар легі толыққанды электронды түрде атқарылады. Дегенмен, жаңа жүйе болғандықтан да қызмет барысында түрлі олқылықтар орын алатыны белгілі. Бүгінгі күні аталмыш бағытта ақаусыз қызмет атқаруға бірінші кезекте ден қойылуда. Өткізіліп отырған семинардың да басты тақырыбы осы болатын. Алматы ТехПД инженерлік құрамы келелі мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Бірінші кезекте сөз алған орталық директорының орынбасары Баян Әмірова бұл бағыттағы жұмыстардың ақаусыз жүргізілуі кіріс көзі екендігіне тоқталып өтіп, бағдарламаны сауатты меңгерудің берері көп екендігін жеткізді. Сонымен қатар, жүк тасымалы ісінде уақыт ұтуға мол мүмкіндік береді. Алайда, базбір станция кассирлерінің біліксіздігі себепті жүк тасымалы бойынша құжаттарды рәсімдеу ісінде шалағайлықтар туындап жатады. Бұл біріншіден тапсырыс беруші клиенттердің сеніміне селкеу түсіріп, тасымал барысында күрделі ахуал туғызады. Жалпы, жүк жеткізу бойынша өңделетін құжаттар үлкен процесті құрайды. Оны рәсімдеуден бастап желі бойымен жүргізу, діттеген жеріне жеткенге дейінгі ахуал барысы Алматыдағы құжаттарды өңдеу бойынша технологиялық орталықтың толықтай қадағалауында болады. Яғни, ондағы туындап жатқан ақаулықтар назарда тұр. Бұл тарапта сөз өрбіткен аталмыш орталықтың құжаттарды өңдеу және беру бойынша инженер-технологы Мәриямгүл Мұздыбаева жүкті жеткізуге тапсырыс беруші клиенттермен келісімді жұмыс жүргізу жайлы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, аталмыш тараптағы жіберілетін алғашқы кезектегі кемшіліктерге де тоқталды. Атап айтсақ, кеңсе үстеліндегі құжат рәсімдеудегі жіберілген қателік және жүктердің жеткізілгеніне көз жеткізбеу станциялар бойынша жиі кездеседі екен. Сонымен қатар, жүкті беру штемпелінсіз жұмыс істеу де ішінара кездесіп қалады. Бұдан өзге қаржылық құжаттарындағы пойыз нөмірлерінің қате немесе айғыздалып жазылуы да ақаулыққа жатқызылады.    Жиын барысында алматылық орталықтың инженер-технологы Бақытжан Есболатқызы жүк тасымалы бойынша құжаттарды ақаусыз рәсімдеу және жөнелту ісі бойынша сөз қозғап, кеңінен түсінік берді. –Бұл өткізілген шаралардың біздің бөлімше мамандары үшін берері мол. Себебі, шекаралық аймақта тұратындықтан әрі республикамыздың ең іргелі өндірістік-шикізаттық аймағында орын тепкендіктен де аймақ бойынша жүк айналымы жыл сайын жоғарылап келеді. Осы тарапта мамандар біліктілігін шыңдау кезек күттірмейтін мәселе, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің инженері Гүлнар Нұрғалиева. Семинар барысында екі-жақты сұрақ-жауап алмасулар да болды. Барлық станцияларға аталмыш тақырып ауқымында кеңінен жұмыс жүргізіп, өзге бөлімшелерде орын алған кемшіліктерді қайталамау жайында тапсырма берілді.

Қуаныш Қожаев, Семей  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды