Нұрлы жолдан – Достыққа дейін: екінші жолмен сапар

Жаңалықтар
09.10.2025, 22:57
Фото Александра Жабчука
Руслан Рахметов

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

7 қазанның түнінде «Нұрлы жол» вокзалынан 30-ға жуық журналист мінген пойыз «Мойынты – Достық» учаскесінің екінші жолымен сапарға аттанды. Сапардың мақсаты – елдегі ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – теміржол желісін жаңғыртудың барысымен танысу.

8 қазан таңында алғашқы аялдама — Балқаш-1 және Балқаш-2 станциялары. Мұнда журналистерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Арман Бүбіқанов қарсы алды.

– Балқаш – бағыттың маңызды бөлігі. Балқаш-1 станциясы жүк тасымалына, ал Балқаш-2 – жолаушылар пойыздарына арналған. Жаз мезгілінде мұнда Балқаш көліне демалуға келетін туристер көп болғандықтан, олардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Бұл станциялар – Қытай мен Еуропаны жалғайтын стратегиялық дәліздің бөлігі, – деді ол.

Одан әрі маршрут Саяқ пен Ақтоғай арқылы жалғасты. Мұнда журналистер Тентек өзені арқылы өтетін көпір мен жаңа инженерлік нысандарды көрді.

Ақтоғай станциясында «Integra Construction KZ» ЖШС филиалы – «Достық – Мойынты екінші жолдарын салу дирекциясының» атқарушы директоры Нұрлыбек Бекжанов құрылыс барысы туралы айтып берді:

– Жұмыстар 2022 жылдың қарашасында басталды. Бес жылдық мерзім көзделгенімен, жобаны үш жылда аяқтадық. Бұл – тәулік бойы еңбек еткен 3 мыңнан астам маман мен 600 техника бірлігінің еңбегі. Кейбір учаскелерде 100 мың текше метрден астам жарылыс жұмыстары жүргізілді, дегенмен пойыз қозғалысы тоқтамады. Барлығы 1,5 миллион теміржол шпалы төселіп, 100 мың тонна рельс және 2 миллион текше метр қиыршық тас пайдаланылды. Сондай-ақ 445 бұрма құрылғы орнатылып, қазақстандық өндірістің микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі енгізілді. Бұл жүйе пойыз қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, басқаруды жеңілдетеді, – деді ол.

Бекжановтың айтуынша, жаңа сигнал беру жүйесі теміржолдың өткізу қабілетін 12 пойыздан 60 пойызға дейін, яғни 5 есеге арттырған.

Кешке пойыз Достық станциясына, сапардың соңғы нүктесіне жетті. Мұнда қатысушыларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Александр Ким қарсы алды:

– «Достық – Мойынты» жобасы – соңғы онжылдықтардағы ең ірі құрылыс. 6 қазанға дейін біз 206 жүк пойызын өткіздік, соның 101-і – жаңа жолдармен. Пайдалануға берілгеннен бері 12,6 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл көрсеткіш ескі жолмен салыстырғанда 42%-ға көп. Жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, елді «Шығыс – Батыс» бағытының маңызды буынына айналдырады, – деді ол.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады