Машинажасау саласы: индустияландырудың жаңа дәуіріне қадам
Жаңалықтар
03.10.2017, 11:00
Елордада өткен Қазақстан машинажасаушылардың V форумы «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: жоғары технологиялы машинажасау саласы» деген тақырыпқа арналып, тек машинажасаушылар арасындағы әріптестікті ғана қамтып қоймай, мемлекеттік, коммерциялық, академиялық ортаны жинап, ассоциациялар мен даму институттарын да тарта білді.
Мемлекет басшысының қолдауымен Үкімет биыл бесінші жыл отандық машинажасаушылар үшін аталмыш форумды өткізіп келеді. Биылғы бес жылдық мерейтойлық форумға әлемнің 17 елінен 700-ден астам делегат қатысты. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар атап өткендей, биылғы форум машинажасау саласының мемлекеттік сатып алу, өнімді өткізу, жергілікті үлес, техникалық қайта қарулану, қаржылық қолдау шаралары, техникалық реттеу, кадрлық қамту мен заңнаманы жетілдіру сынды ең түйінді де маңызды мәселелер талқыланған жаңа форматта өтуде. Сондай-ақ, бүгінгі форумның ерекшелігін айқындайтын тағы бір нәрсе Индустрии 4.0. енгізу мәселесіне арнайы секция арналуы болды.
Форумның ашылуына орай Елбасының арнайы құттықтауын Үкіметбасының бірінші орынбасары Асқар Мамин оқып берді.
–Құрметті форумға қатысушылар, сіздірді Қазақстан машинажасаушыларының V форумының ашылуымен құттықтаймын. Өткен жылдар ішінде форум өзін машинажасау саласының актуалды мәселелері бойынша пайдалы пікір алмасу жүзеге асатын тиімді сұхбат алаңы ретінде таныта білді, – деп келтірген Асқар Маминнің сөзінен Елбасы қуатты да жоғары өнімді машинажасау саласын құру ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде бағалайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, Елбасы мемлекет машинажасау саласына жан-жақты қолдау білдіріп, стратегиялық инвесторлар мен ауқымды инновациялық жобаларды енгізу үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын жеткізді.
Қазақстан машинажасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев өз сөзінде өтіп жатқан бүгінгі форум, бірінші кезекте технологиялық жаңғырту, инновациялық және сұранысқа ие тауарларды шығаруға басымдық беру мақсатын алға қоятынын жеткізді. Сонымен қатар ол кез-келген цифрлық өнім машинажасау саласына қатысты екенін де атап өтті.
ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде Мемлекет басшысының саясаты мен қолдауының нәтижесінде нарықтағы алмағайып жағдайларға қарамастан отандық машинажасауда айтарлықтай алға жылжу бар екенін атап өтті.
–2017 жылдың жеті айында машинажасаудың табиғи көлемінің өсім индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% құрады, – деді министр.
Ол сондай-ақ, уақыт бір орында тұрмайтыны, бұл саланың бүгінгі күн тәртібінде – кезекті жаңа жобалар мен ғаламдық салалық трансформация екеніне тоқталды. Айталық, KPMG халықаралық консалтингтік және аудиторлық жүйе мәліметіне сай, әлемдегі ірі машинажасаушы корпорациялар арасында 25% дейін инвестициялары – өндірістің аддитивтік технологиясында, «жасанды интеллект» және когнитивтік компьютерлік әзірлеуде дегенді айтты министр. Аталған трендтің ерекшелігі оларды енгізу жылдамдығы мен таратылуында болып табылады екен.
Сонымен қатар, спикер теміржол машинажасау саласын дамытудың маңыздылығы мен олардың әлемдік брендке айналған танымал комапниялармен әріптестігін жоғары бағалады.
Айтса айтқандай, бүгінгі таңда теміржол машинажасау саласы өнім өндіру көлемі мен түрін жылдан жылға дамытумен ақтар арттырып, ал қазақстандық үлес көлемін ұлғайтып отырғаны белгілі. Соған сай ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа да жөнелте бастады. Демек, мемлекеттің машинажасау саласын дамытуға қолдау жасауы – өз жемісін беруде деп түйіндеуге болады.
Асель ШАЙХЫНОВА
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл