Қазақстанның теңіз қақпасы: Ақтау портының келешегі кемел
ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутаттар 2 қазан күні «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ нысандарын аралап көріп, көшпелі отырыс өткізілді.
Бүгінгі таңда Ақтау теңіз порты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қарауында әрі «Шығыс-Батыс және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерін жалғайтын сенімді тізбегі болып саналады. Қазірде Каспий порты инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының Қазақстанды іскерлік орталық ету және Жаңа Жібек жолы логистикалық хабын жасақтау мен елдің транзиттік әлеуетін дамыту туралы стратегиялық тапсырмасы жүзеге асырылуда.
Мәртебелі меймандар алдында Ақтау теңіз портының қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы депутаттар алдында «АХТСП» ҰК» АҚ президенті Абай Түркіпенбаев баяндады. «Ақтау портының солтүстік қанаты кеңейтілуде. Соның нәтижесінде терминалдық нысандар салынып, порттың өткізу әлеуеті жылына 3 миллион тоннаға жеткізілді», – деп атап өтті А. Түрікпенбаев.
Құрғақ және басты жүктерді өткізетін жаңа терминал құрылысын тұрғызу – порттың дәстүрлі жүктерді аудандастыруына және Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін серпінді дамытуға дем береді. Оның сыртында, Иран бағдарына жүк тасымалдау белсенді жүргізілуде. Ресейлік «Уралькалий» зауытының, сонымен бірге «Магнитогор металлургиялық комбинатының» өнімдерін және орман ағаштарын Ақтау порты арқылы өткізуге келісімдер жасалды.
Транскаспий бағдарына қатысушы елдердің жүктерін тасымалдауда өзара тиімді әрі жедел, табысты орындауға мүмкіндік ашылды.
Алдын ала болжамдарға қарағанда 2020 жылдары Транскаспий бағдарына тасымалданатын жүк ағынын 300 мың ЖФЭ–ке жеткізу көзделеді. Ол үшін транзиттік жүкті еркін өткізуді қамтамасыз ету, толыққанды көлік инфрақұрылымын жасақтау, қызмет көрсету сапасын көтеру, түрлі әкімшілік кедергілерді барынша азайту қажет болады.
«АХТСП» ҰК» АҚ президенті Абай Түрікпенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Ақтау портындағы заманауи бизнес үдерістер транзиттік жүктердің тасқындай түсуіне қызмет етеді. Мәселен, 2016 жылдың басында іске қосылған «бір терезе» әдісімен жүктерді ресімдеуді едәуір тездетіп, әрі жеңілдетті.
Сенатор Д. Назарбаева Қазақстан порттық инфрақұрылымды дамытуға айрақша маңыздылық беріп отырғанын, бұл мәселе Елбасының тікелей бақылауында екенін атап өтті.
-Біздің сауда порттарымыз – бұл елдің бет бейнесі, қақпасы, Қазақстанның сауда әлеуетінің дамуы. Ел экономикасының энергетикадан кейінгі маңызды құраушысы. Бәсекелестерден нарықты жаулап алуға ұмтылу керек. Бизнес-шешімдер қажет,- деген Д. ариға Нұрсұлтанқызы Ақтау портының қызметкерлеріне табыс тіледі.
Қазіргі кезде Ақтау теңіз порты басқа порттармен лайықты бәсекелестікке түсу үшін халықаралық көлік дәлізінің сенімді көзіне айналды.
Ирина БЕКТИЯРОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды