Қауіп-қатерлі күнкөріс қамы...
Жаңалықтар
03.10.2017, 17:28
Оңтүстіктегі Түлкібас бекетіне отызға жуық жолаушылар пойызы тоқтайды. Пойыздан түскен жолаушының бәрі жеміс-жидегімен аты шыққан таулы аймақтың иісі бұрқыраған алмасын сатып алғысы келеді.
Перронда шелек-шелек алма көтерген әйел, бала-шаға жолаушыны жүргізбейді. «Алма алыңыз, алма...» « Арзан берем, менікін алыңыз...» деп көздің жауын алған қып-қызыл алма толы себет көтеріп жолыңызды кес-кестегендер арасында 10-12 жастағы балалар да жүреді. Сауданың дәмін біліп алған түлкібастықтар арасында қауіпсіздік дегенді ұмытып, бала-шағаны да жеміс-жидек, анау-мынау тағам, сусын сатуға пойыз жолға шығарғандар аз емес. Жақында бір оқушы бір шелек алмасын өткізіп, ақшасын алып үлгермей, жүріп кеткен пойыздың астына түсіп кетердей жүгіргенін көріп, вагондағы елдің зәресі ұшты...
Жуырда Түлкібас станциясында өткен жиында осы тақырып сөз болды. Шымкенттен келген көлік прокурорының көмекшісі мен аймақтағы ЖІІБ полиция қызметкерлері болат жол мамандары мен жол бойында сауда-саттық жасайтын саудагерлерді жинап, өзекті мәселені ортаға салды.
– Вокзалға түскенде ас-су алғысы келген жолаушы сатушыға өзі барады. Алдынан зат алып жүгіремін деп құлап мертіккен, аяғы тайып кетіп пойыздың астына түскендердің талайын көрдік. Жолаушыға тауарын берерде саудагер перрондағы белгіленген сызықтан өтпеуі тиіс дегенді елеп-ескере бермейтіндерге қатаң жаза қолданбасқа амал жоқ. Тәртіп бұзған саудагерге алғаш ескерту берсе, ол көрініс екі-үш рет қайталанса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салады. Ол дегеніңіз 22 мың теңге. Сонымен қатар, ендігі жерде бала-шағаны саудаға жеккендерге айыппұл салынатынын ескертемін, – деді үш жыл Түлкібаста қызмет етіп, осы өлкенің халқымен тығыз араласып үйренген Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Орынбасар Қалдыбекұлы.
Вокзал бастығы Бауыржан Рысқұлбекұлы қыркүйектен бастап ұл-қызын осында саудаға ертіп шыққан ата-анаға әкімшілік айыппұл салынатынын растады. Саудагерлердің ішінде бір орында тұрып-ақ сауда жасап бұйырғанын тауып жатқандар бар. Солардың сауалына орай, бала арнайы дүңгіршекте ата-анасына жәрдем беруге рұқсат, тек перронға алып шығып сауда жасауға жекпеуі керектігі ескертілді. Көпшілік арасынан «қайтеміз, күнкөріс қамы, сауда жасасақ өз бақшамызда өсірген жеміс-жидекті сатамыз, бала-шағамыз көмектессе несі айып?» деп бейғамдық танытқандар да болды. Тәртіп сақшылары балалар құқығы мен қауіпсіздігі жайлы дәріс оқуға тура келді. Оқушы қолына түскен бес-он теңгеге алданып, бақытсыз жағдайға ұшырап қалуы әбден мүмкін. Әсіресе қыста жер көк мұз болғанда аяғы сырғанап, дөңгелек астына түсу қаупі өте жоғары екені ата-ананы ойландыруы тиіс.
«ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалына қарасты Түлкібас бекетіндегі басшысы Икрам Тұрсынбеков қауіпсіздік жайлы бес нұсқаулықты еске салды. Пойыз өте салысымен рельсті басуға болмайды. Өйткені, оның бойында пойызбен бірге тоқ жүріп өтетінін есте ұстаған жөн. Бағыттағыш бұрманы бес метр айналып өтпесеңіз аяқты қысады. Төбедегі электр тоғының қуатылы 27500 кВт, осыдан 15 жыл бұрын жолсерік мұзды түсірем деп жанып кеткен. «Қарапайым ережені сақтау қиын емес қой. Бірақ біз ададмар соның бәрін қиындатып өз өмірімізге өзіміз қастандық жасаймыз. Мені ересектердің баласын ертіп вагонның астынан өтетіні таң қалдырады. Бала көргенін істейді. Барып «мұның қалай?» десең, осы жерде 40 жылдан бері тұратынын алға тартып, өзім білеммен бет бақтырмайды» деген күзет қызметкері күнкөріс қамы деген желеумен қауіп-қатерге баратындармен күрес тоқтамайтынын жеткізді.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл