Жазып қойған хатпен тең...

Жаңалықтар
03.10.2017, 17:41
Оқуға 2 мин
Ақ жаулықты апалар мен ақ сақалды аталарын «жазып қойған хатпен тең» деп ардақтаған елдің ұрпағы Халықаралық қарттар күнін де атап өтті. Астана электрмен жабдықтау дистанциясының ұжымы мен «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалы қырыққа жуық ардагер әріптестерін түскі асқа шақырып, мерекемен құттықтады. Онда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Дүйсемәлиев болат жол бойында аянбай қызмет еткен зейнеткер теміржолшыларды Қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.  Ал «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев  жиылған қарттарды мерекемен құттықтай отыра, осы шараны ұйымдастырушы электрмен жабдықтау дистанциясы кәсіподақ комитетінің төрағасы Медет Хасеновке алғысын білдіріп, кәсіподақтың 25 жылдық төсбелгісімен марапаттады.    Астана пайдалану  локомотив депосы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарттар күні мерекесіне орай өткен мерекелік шарада колледж студенттері өнерлерін көрсетті.   Депоның директорының  өндіріс жөніндегі орынбасары Дастан Елеусізов қадірлі қарияларды мерекемен  құттықтап, «...Сіздер салып кеткен сара жолға шаң жұқтырмай қызмет ету үшін әрдайым ақыл-кеңестеріңізге жүгінеміз. Сондықтан да жол көрсетер шамшырағымыз болып аман-есен жүре беріңіздер», деп жылы лебіз білдірді. Мерекелік дастарханда бас қосқан ардагер теміржолшылар байырғы әріптестерін көріп, арқа-жарқа болып әңгіме-дүкен құрды. Кәсіподақ төрағасы Ринат Абайдилдинов қариялармен демалыс орындарына жолдама беру, ем-дом, материалдық көмек сынды  мәселер төңірегінде әңгімелесті.    Жандары жадырап, көңілдері шалқыған қариялар атынан сөз алған ардагер теміржолшы Далабай Байғожин: « Бүгінгі отырыс керемет болды. Қарттарға керегі тек көңіл ғой. Осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деп ризашылығын білдірді.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды