Мереке күні мәреге жетті

Жаңалықтар
03.10.2017, 17:56
Оқуға 1 мин
Шалқар мен Ақтөбенің арасын велосипедпен жүріп өткен теміржолшыны кәсіподақ өкілдері мен  жас теміржолшылар Ақтөбенің іргесінде салтанатты жағдайда күтіп алды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Жұмабай Отарғалиев Шалқардан велосипедпен жолға шығып, теміржолды бойлай  күніне 120 км жол жүріп отырып,  үшінші тәулік дегенде Ақтөбеге жетті. –Мен әдейі Шалқар бағытын таңдадым. Жол бойы теміржол станциялары мен разъездерге аялдап, олардың тіршілігімен тынысып, әріптестермен кездесіп бой жазғым келді, барлығы  құшақ жая қарсы алып,  дастархан жайып, қызмет көрсетіп жатыр. Барлығына рахмет айтамын, – дейді Жұмабай Отарғалиев.  Велошабандоз жол үстінде қиындықтарға да  тап болғанын жасырмады. «Жол жоқ. Бар жолдың сапасы нашар. Қарт Мұғалжар тауларының етегімен жүріп өттім. Биікке шығу қиынға соғады. Алдымнан қатты жел болды. Бастысы, болат жолды бойлай, бір бағытты ұстанып жүріп отырдым», – дейді теміржолшы.  Айта кетейік, шабандоз биыл Қандыағаш вагон пайдалану депосынан зейнетке шыққан болатын. Бос кетпей, волейболдан ардагер теміржолшылар арасында турнир ұйымдастырып, тіпті кубок дайындады. Осы жазда Астана күніне орай ұйымдастырылған велошеруге қатысты.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды