Кәсіби біліктілік сынға түсті

Жаңалықтар
06.10.2017, 10:52
Оқуға 3 мин
Теміржолшылардың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін жетілдіру мақсатында «ҚТЖ»ҰК»АҚ бойынша бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылып, соның жемісін компания еңбеккерлері көруде. Әр бөлімшедегі жоспарлы техникалық сабақтардан бөлек өзге аймақаралық теміржолшылар жарысы, біліктілік мектептері, білім жетілдіру курстарының бәрі болат жол еңбеккерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған шаралардың бір парасы. Міне, осындай бөлімше ішілік кезекті бір теміржолшылар конкурсы аймақтағы Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі, Қазалы вагон және Қызылорда локомотив пайдалану деполары қызметкерлері арасында өтті. Онда «Үздік лектор», «Кәсібі бойынша үздік»,  «Үздік маман» додасы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім мамандары тарапынан ұйымдастырылып өткізілді.  «ҚТЖ-ЖТ» АҚ вице-президенті М.Шакеновтың телеграфтық нұсқауына сәйкес қолға алынып, үш турға негізделген конкурста аймақ теміржолшыларының техникаларды пайдалану нұсқамасын (ПТЭ) білуі, сигнал және байланыс ережелерін (ИСИ) меңгеруі, пойыздар қозғалысы инструкциясы (ИДП) мен өзінің жеке, кәсіби жауапкершілігін саралауы сынға түсті. Конкурс барысында Қызылорда ЖТ бөлімшесі бас инженері Күлхан Белкібаев төрағалығымен құрылған әділқазылар алқасы алдымен Арал теңізі, Төретам, Қызылорда және Шиелі секілді тірек станцияларда сайысқа түскен теміржолшылардың кәсіби біліктілігін сарапқа салды. Сайысқа аталған  станцияларға жақын маңдағы бекеттерден де теміржолшылар қатысып, бақ сынады. Конкурстың алғашқы турын аталған станцияларда өткізіп, көп ұпай олжалаған «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік маман» турының озаттары бөлімше орталығында өткен ақтық сын «Үздік лектор» додасына жолдама алды. –Тамызда қолға алынған конкурстың алғашқы және соңғы турларында да теміржолшылар кәсіби шеберліктерін сынға салды. Әділқазылар сынға қатысушылар арасынан инструкция мен ережелер талаптарын жатқа біліп әрі тез нақты жауап беріп, оны дәлелдей білген сайыскерлерді таңдады. Мұндай шаралар сала еңбеккерлерінің білімін, кәсіби шеберлігін шындауға өте қажет, – деп өз пікірін білдірді бөлімшенің өндірістік оқыту шебері Сәбит Нұрманов. Конкурс барысында ахуалдық мәселелерді шешу, тосын жағдайлардан жол тауып шығу, техникалық құжаттар нормативтерінің меңгерілуі және ең бастысы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауы сияқты тақырыптарды сайыскерлердің толық меңгеруі, тақырыпқа сай слайдтың дайындалуы, ораторлық шеберлігі, тіпті дауыс ырғағы мен сырт бейнесіне дейін қазылар алқасының сүзгісінен өтті. Сонымен тамыз айының ортасынан басталған бөлімше теміржолшыларының кезеңдік бәсекесі айға жуық жалғасып,  үздіктер Қызылордада өткен «Үздік лектор» турында анықталды.  Сонымен конкурстың жеңімпазы деп Арал теңізі станциясы басшысының орынбасары Толыбай Орекешов танылса, 2-орынды Қызылорда станциясы басшысы Рашид Шолтабаев қанжығалады, ал жүлделі үшінші орынды бөлімшенің учаскелік қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Тәжімбет Нұржанов иеленді. Бөлімше теміржолшыларының кәсіби жауапкершілігін шыңдап, техникалық құжаттама жұмыстарының тыңғылықты толтырылуына ыждағаттылықпен қарауда тағы бір еске салған дүбірлі конкурс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен диплом тапсырылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды