Су тұщыту модульдерін құрастыруда
Жаңалықтар
06.10.2017, 10:59
Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты шалғайда орын тепкен шағын станцияларға «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС мен «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС қызмет көрсетуде. Сумен қамтудағы жетістіктер биылғы жылы да нәтижелі болды. Жоспарлы межелер толығымен аяқталды деуге негіз бар.
Бүгінгі күндері аталмыш ұжымдар алдындағы бірінші кезектегі мәселелер желі бойындағы су тасымалын жою болып отыр. Бұл тарапта межелі шараларды республикалық «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы жалғастық табатын алдағы бес жыл ішінде аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, осы кезеңге дейінгі атқарылған қажырлы жұмыстың нәтижесінде бұл мақсатқа таяу аралықта қол жеткізілмек.
–Қазіргі уақытта Семей – Дегелең теліміндегі Жалпақ станциясы мен 332 шақырым разъезіне су тұщытатын модульдер орнатуды көздеп отырмыз. Әзірленіп жатқан жобалар нақтыланса болғаны. Ал, Семей – Локоть бағытындағы №41 жол айрығын Бородулиха ауданына қарасты орталықтандырылған су жүйесіне қосу жоспарда тұр. Осынау шаралар уақытында аяқталар болса, батыс және солтүстік тармақ бойынша су тасымалы мүлдем орын алмайды. Яғни, ауыз су мәселесі 100 пайыз шешімін табатын болады, – дейді «Теміржолсу-Павлодар» мекемесінің Семей учаскесі бойынша бастығы Сырым Сағымбаев.
Бұл орайда орын алып отырған ерекше жаңалық, станцияларға орнатылатын су тұщыту модульдері биылғы жылдан бастап Семейдің өз басында құрастырылуда. Қазіргі күндері осы шаруамен жергілікті сумен қамтушылардың өздері айналысуда. Тиімділік сол, модульдерді сатып алу мен тасымалға жұмсалатын шығын азаяды екен. Тек бірқатар қажетті жабдықтар мен су сүзетін фильтрлер ғана орталықтан алдырылуда. Бұл іске бүгінде тәжірибелі аға буын өкілі, сумен қамту шебері Қанат Дауылбаев бастаған қолы іс білетін жігіттер белсене кіріскен. Мекеменің өндірістік аумағында олардың өз күштерімен құрастырған алғашқы модульдері қазіргі күндері даяр. Тек қажетті құжаттамалар реттеліп біткен соң, шешім шыққан соң ғана станциялар басындағы скважинаға орнатылатын болады.
Бұл тәсілдің тағы бір берер тиімділігі сол, сумен қамту ісін біршама жеделдетеді екен. Алдағы уақыттарда Аягөз – Семей бағытындағы оңтүстік тармақта орналасқан Шөптіқақ, №1, №3-ші жол айрықтарын да су тұщытатын құрылғымен қамту керектігін ескерсек, әлі де қажеттігі бар екені сезілуде.
Жалпы қазіргі күні желі бойындағы су сорғы станциялары мен ауыз су модульдері толықтай техникалық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Бұл нысандардың көпшілігі тоқсаныншы жылдардың тоқырауында қараусыз қалған болатын. Кейіннен «Теміржолсу» АҚ балансына өтіп, сала қызметкерлерінің игілігіне жұмыс істеуге көшкен еді. Биылғы жылы нысандардың барлығы да ағымдық жөндеуден өтті. Жуырда болып өткен күзгі байқау барысында ешқандай ақау табылмаған, мін тағылмаған. Жүргізілген химиялық және бактерологиялық сараптама жұмыстары да оң нәтиже көрсетіпті. Су сорғылары мен клапандарынан бастап, ұңғымалар маңының көгалдандырылуы, санитарлық тазалығы жоғары деңгейде. Яғни, бөлімшеге қарасты сумен қамту нысандары алдағы қатал сыншы – қыс мерзіміне толығымен даяр тұр.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл