Басшыларға арналған семинар
ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Шу локомотив пайдалану депосында депо директорларының пайдалану жөніндегі орынбасарлары мен машинист-нұсқаушыларға арналған екі күндік семинар өтті.
Семинардың ашылу барысында Шу локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Константин Цой депо тарихынан сыр шертіп, роликпен баяндады. Ал маңызды шара жұмысына қатысқан ТПС (Тартымдық жылжымалы құрам жүйесі) пайдалану департаментінің директоры Аспан Қажығұлов деполардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз ету көрсеткіші, яғни сегіз айдың жұмыс қорытындысы туралы мәлімет бере отырып, локомотив бригадаларының техникалық оқу сапасына, автотежегішті басқару, апатты жағдайдағы және қиын сәттерде локомотив бригадаларының іс-әрекеті, локомотив жөндеу жұмыстарының сапасы, құжаттар айналымына тоқталды. Бұдан соң сөз алған Шу локомотив пайдалну депосының ардагері, Құрметті теміржолшы Отан Молдабаев: «Қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде машинистің рөлі ерекше. Аса жауапты. Расында машинист өзге шаруашылықтардың қателіктерін көруі, алдын алуы мүмкін. Алайда машинистің қателігін ешкім түзей алмайды» деп өз ой-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар жұмысына қатысқан тағы бір астаналық өкіл, ТПС пайдалану департаментінің 1 деңгейлі менеджері Асқар Шокулбаев ЦРБ құрылғысының тұсаукесерін өткізіп, техникалық оқу сапасын арттыру шараларын тілге тиек етті. Шарада Жамбыл локомотив пайдалану депосы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Ораз Дауылбаев локомотив бригадаларының біліктілігін, техникалық оқу сапасын арттыру бойынша хабарлама жасады. Оның айтуынша, Жамбыл локомотив пайдалану депосында локомотив бригадаларының біліктілігін көтеру үшін арнайы локомотив бригадаларына арналған тест сұрақтарымен жасақталған компьютер қойылған және оның бағдарламасы тұрақты түрде ауыстырылып тұрады.
–Бұл локомотив бригадаларының біліктілігін көтеру үшін өте қажетті шара. Өйткені, машинистер өз білімдерінің нәтижелерін компьютер бағдарламасы арқылы көреді. Сондықтан оған қызығушылық артуда. Машинистерді қолдары бас уақытта осы компьютер жанынан табасың, – деді Ораз Дауылбаев.
Өзге өңірлерден келген семинарға қатысушы депо директорларының орынбасарлары да өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына Асқар Шокулбаев жауап берді. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар ТЭ33А, ТЭП33А, СКД-6 және KZ8А, KZ4АС сериялы электровоздардың машинист-нұсқаушыларын тұрақты оқыту, локомотив бригадаларының біліктілігін көтеруде Жамбыл локомотив пайдалану депосы қолданып отырған тәжірибені басшылыққа алу, сондай-ақ Екібастұз локомотив пайдалану депосы тәжірибесіндегі инженерлер мен локомотив бригадаларын бағдарламалық оқыту сынды шаралары басшылыққа алу жайын талқылады.
Ерман Әбдиев, Шу
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды