Аягөзде жұмыс қарқынды
Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Аягөз жол дистанциясында биылғы жаз қауырт еңбекпен өтуде. Жол сауықтыру ісінде ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан жоспарға сай орындалуда. Оған жолға қажетті техникалар мен материалдық базаның жеткіліктілігі елеулі түрде септігін тигізген.
Биылғы жылғы бір ерекшелік сол, станция басындағы кірме жолдарға ерекше көңіл бөлініпті. Мәселен, биылғы жылы Аягөз станциясының өз басында 0759 шақырым аумақтың кірме жолы күрделі жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар, кідіріссіз жүргізіліп жатқан ағымдық жөндеу жұмыстары аясында қазіргі күнге дейін 1800 бірінші типті шпал ауыстырылған. Ал желі бойына төселген екінші типті шпал саны 1600-ді құрайды. Бір бұл емес, қажеттіліктің туындауы себепті 18 крестовина да жаңартылып, 10 текше метр брус ауыстырылған. Мұнымен қоса, шалғайдағы шағын станцияларға да мән берілуде. Оның аясында телім бойының бес жерінің бағыттама бұрмаларын ауыстыру көзделуде. Бұл шаралар жыл соңына дейін аяқталмақ. Яғни, Ақтоғай – Аягөз теліміне қарасты Жүзағаш, Ақболат, Темекілі және Егізқызыл станцияларында әлі де болса қауырт жұмыс жүргізу көзделуде. Қазіргі күндері даярлық жасалуда.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Қоңыр күзге белгіленген мұндай шаралар тек екі шақырым деп жоспарланған болатын. Қазіргі күні аяқталуға таяу тұр. Бұл ретте аягөздік жолшылар жаңадан ағаш шпалдардың жеткізілуін күтуде. Материалдан тапшылық туындамаса белгіленген меже қар түскенге дейін толықтай аяқталмақ. Бүгінгі таңда Аягөздегі ПЧ-42 мекемесінде 138 жол монтері еңбек етуде. Олардың көпшілігі мол тәжірибелі мамандар. Жалпы, жұмыс күші жеткілікті. Тәжірибелі басшы, нағыз жол шаруашылығының маманы Нұрлан Шәріпқанов жетекшілік ететін Аякөз жол дистанциясының қарамағына қазіргі күні Ақтоғай – Аякөз – Жарма аралығындағы 225 шақырымдық телім кіреді. Мұндағы жұмыстың өзіндік ауыртпашылығы бар. Атап айтсақ, 225 бас жолдың тек жүз шақырымдайы ғана темірбетонды түйіспесіз жол. Ал қалғанында әлі күнге дейін ағаш шпалдар қолданылады. Сол себепті де, оған көрсетілетін күтім де жоғары болуы керек. Осы жайтты басты міндет тұтқан аягөздік жолшылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту мақсатында бұрынғы жылдармен салыстырғанда қарқынды жұмысқа көшкен. Оған дәлел, жоспарлы шаралардың мерзімінде аяқталуы. Мұнымен қатар, аягөздік жолшылар алдағы қатал сыншы қыс маусымына даярлық жасау шараларын толықтай аяқтапты.
–Дистанциямыз бойынша межеленген басты жаңашылдық сол – 70 шақырымдық станциялық жолдар мен 219 бағыттамалы бұрмаларды темірбетонға ауыстыру ісі жүргізілуде. Техникалардың берілуінде кедергі жоқ. Тек әлі де келіп түсетін материалдар бар, – дейді пікір білдірген Аягөз жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Болат Мұстафинов.
Жалпы, Аягөз жол дистанциясында өндірістік қауіпсіздік толығымен сақталуда. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ағымдағы жылы ешқандай ақау орын алмапты. Еңбекті қорғауда да жақсы көрсеткіштер бар. Тағы бір айта кетерлігі, жуырда болып өткен күзгі комиссиялық байқау барысында да аягөздік жолшыларға ескертулер аз жасалыпты.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды