Сақтықта қорлық жоқ

Жаңалықтар
13.10.2017, 18:21
Оқуға 2 мин
Биылдан бастап еліміздің  темір жол вокзалдарына жолаушылар мен олардың жүктерін арнайы тексеруден өткізетін жүйе қолданысқа енді. Жолаушылардың қауіпсіздігін нығайту және террористік әрекеттерге байланысты азаматтардың қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында  енгізілген құрылғылар арқылы өткен айдың өзінде Атырауда 280 адамнан қауіпті заттар анықталған. Атырау темір жол вокзалының екі қабатында төрт құрылғы орналастырылған. Бұл құрылғылармен «Әскерилендірілген күзет қызметі» АҚ-ның аймақтық филиалдары қызметкерлері тексеру жүргізеді. Атыраулық инспекторларды аталған құрылғылармен жұмыс істеудің қыр-сырына Астанадан келген арнайы мамандар екі апта бойы оқытып, үйретіпті.  Ал өз кезегінде, инспекторлар жұмыс істеуді меңгергендерін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, арнаулы сертификаттар алған. Бұл туралы «Әскерилендірілген теміржол күзеті»АҚ-ның «Атыраутеміржол күзеті» филиалы жанындағы Тексеріп қарауды ұйымдастыру бөлімшесінің бас менеджері Ғайни Шонаев мәлімдеді.    –Вокзалдарға енгізілген құрылғымен жұмыс істеу үшін 77 адам қызметке қабылданды. Оның 71-і инспекторлар, 4 адам ауысым басшысы, екі адам басшылық қызмет атқарып отыр. Мамандарымыздың дені заңгерлік, техникалық мамандығы бар қызметкерлер. Күні кеше ғана біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Құрылғылар жаз айында қондырылып, бүгінде вокзалға келген жұртшылықты іріктеп тексеру қызметін атқарып отырмыз. Өткен қыркүйек айында вокзал іші арқылы 88 мың 600 адам өтті. Солардың 8 мың 628 іріктеу арқылы тексергенімізде, 280 жолаушының  қол жүгінен  суық қару қатарына жататын  тескіш, кескіш сияқты тағысын тағы заттарды анықтадық, – дейді Ғайни Шонаев. Бастапқыда жаңа қондырғының орнатылып, жаңа қызметшілердің вокзалға кірген және шыққан адамдарды тексеруіне қатысты жұртшылық тарапынан түсінбеушілік те болған. Бірақ, уақыт өте келе халық мұның бәрі олардың өздерінің қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқанын түсініпті. Жолаушылар қауіпті заттарды алып жүруге болмайтынын да түсіне бастаған. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, көрші Маңғыстау облысының вокзалындағы тексеру кезінде жолаушының бірінен 25 оқ-дәрі тәркіленсе, біреуінің жүк сөмкесінен құжатсыз мылтық табылған. Мәне, осындай фактілер, адам көп шоғырланатын вокзал сияқты нысандарда қауіпсіздікті күшейтудің қажет екенін тағы бір дәлелдей түседі, – деген Ғайни Шонаев вокзал іші мен сыртында қосымша бейне бақылау камералары қондырылатынын да атап өтті.

Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды