Астық тиелімі – күн тәртібінде

Жаңалықтар
13.10.2017, 19:24
Оқуға 2 мин
Жаңа егіндіктің астық тасымалын ұйымдастыру мәселелері «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен отырыста талқыланды.  Жиынға ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов, Ақмола, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан облыстарының әкімдіктерінің, астық жүгі тасымалы бойынша ірі қазақстандық оператор  «Астық транс» АҚ, астық және өзге де ауылшаруашылық жүктері бойынша ресейлік жетекші темір жол инфрақұрылымы операторы  «Русагротранс» ЖАҚ өкілдері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік кәсіпорындары басшылары, сонымен бірге Қазақстанның астық нарығында қызмет ететін трейдерлер қатысты.  Қанат Алпысбаев астық тасымалын нақты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету өзектілігіне тоқтала отырып, көлік компаниясы ретінде жүктің көлемі мен оның географиялық бағытын білу жылжымалы құрамды дұрыс бөлу үшін қажет және  өте маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық компанияның ұтымды қызметінің нәтижесінде осы жылдың 9 айында 5,5 млн тонна астық тиелген. Соның ішінде республиканың ішкі бағытында  1,9 млн тонна, экспортқа – 3,6 млн тонна астық тиелген. Бірақ, астық тиеліміне қатысты биылғы көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда  98% құраған. Оның себебін, «ҚТЖ» ҰК»АҚ басшысы өткен жылмен салыстырғанда, Латвия, Беларусь, Қырғызстан нарықтарына тиелетін  жүк көлемінің азаюымен байланыстырса, есесіне,  қазақстандық астық пен пен дәнді дақылдардың тиелімі  Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжанға өскен.   Ол сондай-ақ дәнді дақылдар таситын кемелердің қазақстандық паркінде 9 мың вагон бар екенін, оның 6252-сі астық жүгі тасымалы бойынша ірі қазақстандық оператор болып табылатын «Астық транс» АҚ басқаруында екенін атап өтті.  

Мадина ТҰРҒЫМБАЕВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды