Өтпедегі өнімді жұмыс
Осы аптаның сейсенбісінде Астана станциясындағы №805 өтпеде 16 сағаттық толаскезге ұласқан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарлы жол жұмыстарының басы-қасында Ірілендірілген Астана жол дистанциясының, қозғалыс, байланыс саласының еңбеккерлері жүрді.
Таңертеңгілік жөндеу жұмыстары жүріп жатқан телімге барғанымызда арнайы техникамен ескі ағаш шпалдар мен рельстер қопарылып алынып, тұрған жері қазылып тасталған екен. Енді 40 см -дей биіктікпен қиыршық тас төселмек. Жалпы қиыршық тас төсеу мақсаты, жаңбыр мен қар ерігенде су тас арасына сіңіп кетуі керек. Бульдозерлер жер төсемдерін дайындап, жаңадан топырақ төгіп, тегістеп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Теміржол жөндеу» мекемесіне қарасты Тілеухан Ақбаев басқаратын «Астана ПМС» филиалының 120 адамы, 10-ға жуық техникасы жүргізіп жатыр екен. Ал жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын қадағалап және оны қабылдап алу үшін Ірілендірілген Астана жол дистанциясы директорының орынбасары Серік Айқынбеков бастаған жолшылар және ДС пен ШЧ қызметкерлері де осында жүр. Қолдарына күрек алып техника мүмкіндігі жетпейтін жерлердің топырағын ортаға тастап жатқан жолшылар үшін қазан айының бұл аптасы жайма-шуақ болып, кедергісіз жұмыс істеуге қолайлы болып тұр. Мұның барлығы жолдың қауіпсіздігі және жылдамдықты арттыру мүмкіндігіне қатысты жасалатын жұмыстар.
–«Темір де тозады» демекші, бұл өтпедегі рельстер мен шпалдар да уақыт өте келе тозып, өзінің қызметтің мерзімін толық өтеп бітті. Сол себепті мерзімі келгеннен кейін ескі ағаш шпалдардың бәрін алып, жаңа темірбетон түрімен ауыстырамыз. Бағыттама бұрма қалады. Мердігер мекеме бұған дейін Жайнақ пен Астана арасындағы перегонда жұмыс істеп келді. Енді станцияның басындағы өтпеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жылы шілденің бірінен бастап 40 шақырымдай станция аралық жолдарды жаңартылды. Бұл жолдардың барлығы 1989 жылдардан бері жаңартылмаған, тозығы жеткен жолдар болатын. Мынау өткел жолы жолаушылар пойызына арналған. Қазір кесте бойынша пойыздар басқа жолдар арқылы кіруде. Біздің бұл жердегі басты қызметіміз жұмысты қабылдап алу және көрші жолдармен пойыздар өткен кездегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қабылдайтын өзім, телім бастығы және белгі берушілеріміз бар, –дейді Серік Айқынбеков.
Орталық базасы Қырқыншы станциясында орналасқан «Астана ПМС» мекемесі 2017 жылға «Қазақстан темір жолы» компаниясымен барлығы 57 км жолға күрделі жөндеу жасауға келісімшарт жасаған. Сол жоспарға сай жұмыстар жалғасуда.
–Бүгінгі күнге 3 телім бар. Тастақ – Жайнақ, Жайнақ – Астана. Бір перегонды бітірдік. 21 шақырымдық тағы бір перегонды болдық. Қазір үшінші перегон Төңкеріс – Астана бойында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Содан бастап келе жатырмыз. Мына өткел ұзындығы 125 метр. Мұны бүгін кешке сағат онда аяқтап, қозғалысты ашқан соң, ертең станцияның 1112 метрлік 7-ші жолын күрделі жөндеу үшін үш күндік, яғни 72 сағат тағы толаскез жариялаймыз. Содан соң тағы 3-ші жол қалып отыр. Бірақ оның орнына Жайнаққа жасаймыз. 1300 км. Сонымен биылдыққа біздің жұмысымыз тәмамдалады. Жалпы мекемеде 300-дей адам еңбек етеді, – дейді «Астана ПМС» мекемесінің директоры Тілеухан Ақбаев.
Теміржол өткелін кесіп өтетін автокөліктер бұл күні қаланың басқа өткелдері мен жолдарын пайдаланды. Әкімдік келісімімен де жасалып жатқан жөндеу жұмыстары кезінде соны пайдаланған жергілікті билік толаскезде өткелдің екі жағындағы тозығы жеткен автожолды да жөндеуге кірісіп кетіпті. Ал Астана белгі беру және байланыс дистанциясы директорының орынбасары Елубай Ысқақов бастаған 25 байланысшы жұмыс біткесін өздеріне тиесілі кабельдер мен жол қорапшаларды, дросселдерді тексеріп алмақ. Сөйтіп, Астана станциясының басында жұмыс көрігі қызған. Жол шаруашылығында 17 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы, «Астана ПМС» мекемесі директорының орынбасары Нұрлан Есенгелдиннің айтуынша, жол жөндеу кезінде 1 км жерге 3000 текше қиыршық тас түсіріледі екен. Өзінің қарамағында 6 жол шебері, 70-80 жолшысы бар, қалғандары механиктер. Әдетте вахталық әдіспен өздерінің кластық 5-6 вагондық пойыздарымен көшіп жүретін мердігерлер бұл жолы уақытша тұрақтарын №39 бекет тұсына қалдырыпты. Жоспарлы жұмыстары бітіп, жол дистанциясына бәрін тапсырғанға дейін олар сол вагондарда өмір сүреді. Ең бастысы – қауіпсіздік үшін жасалып жатқан жұмыстар өз ісінің білгірлерінің қолынан шығып жатқаны сенімділік пен сапалы қызметке кепілдік береді.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды