Айлық тағы бір айға созылды
Теміржолдың қауіпті аймақ екенін тұрғындарға түсіндіру үшін Арыс ірілендірілген жол дистанциясында 31-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында «Абайлаңыз! Темір жол – қауіпті аймақ» айлығы өткен болатын. Қауіпсіздікті күшейту үшін айлық уақыты отызыншы қазанға дейін созылды.
Аталған дистанциясының еңбек және техника қауіпсіздігінің инженері Адамбек Исмайловтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы бойынша тоғыз айда 51 адамды пойыз басу дерегі тіркелген. Мұның бәрі бөгде адамдардың теміржол бойында емін-еркін жүруінен орын алып отыр. Жоғарыдағы айлық барысында Арыс – Түркістан – Сарыағаш телімі арасындағы жол шеберлері, техниктер, еңбек қорғау инженерлері Шойтөбе, Отырабат, Жылға, Шеңгелді сынды бекеттердегі 31 мектепке барып, 1893 оқушы мен мұғалімді қатыстырып, жиналыс өткізіпті. Қысқаша айтқанда, балаларға локомотив адамды көргенде тоқтай салатын автомобиль еместігін түсіндірген. Одан кейін теміржол жиегіндегі ауылдардың 1136 тұрғыны қатысқан 35 кездесу болған. Арасында жолшылар Арыс станциясындағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен 7 рейд жүргізіп, ережеге елең етпеген 14 адамға ескерту берген. Түркістандық «Тұран – Түркістан» теларнасында қауіпсіздік жайлы хабарлама көрсетіп, Түркістан аудандық газетіне мақала шығарған. Енді осы жұмыстарды алдағы бір ай ішінде тағы жалғастырмақ.
– Ақпанның соңында Темір – 37 разъезд телімінің 3167 шақырымындағы бұрылыс жолда 1981 жылғы Әсет Ералиев есімді қойшы жігітті пойыз басып кетті. Машинист 700-600 шақырымнан белгі бергенмен жігіт назар аудармаған. Тежегішті басқанның өзінде үлкен жүкпен келе жатқан локомотив амалсыз жігітті қағып өткен. Ата-анасының айтуынша, бір күн бұрын жігіт үйінде күні-түні демалмастан жұмыс істеген көрінеді. Таңертен мал бағуға шығып, содан қатты шаршап, рельс үстінде ұйқылы ояу отырған. Ауыр жарақат алып, ауруханада екі күн жатқан соң қайтыс болыпты. Ал 2016 жылы осы Арыс – Түркістан телімінде ер кісі асығыс өтемін деп аяғын кесіп алса, екінші әйел өзін-өзі тастаған болатын. Жалпы, аталған дистанция бойынша Түркістан – Шорнақ теліміндегі 3103, 3102, 3106, 3107 шақырымдар қауіпті деп танылады. Яғни, Түркістаннан Қызылордаға шығар жолдағы теміржолдың екі жағында жағалай елді-мекен орналасқан. Жергілікті жұрт «Түрік» ауылы деп атайтын осы маңда жақында бір жасөспірімнің жолдан өтуінен машинист шұғыл тежегішті басқан. Бала аман қалып, жолшылар оқиға орнына келгенше қашып кетіпті. Аталған ауылда жолдың бір жағына қоршау орнатылғанмен, халық өзіне ыңғайлы жерден есік ашып жүре береді. Сонымен қатар, Арыс қаласындағы 3110 км аралығы да қауіпті саналады. Арыс-2 станциясы мен Түркістандағы станция аумағының кейбір жеріне қоршау жүргізілгенімен, аяқталмады. Магистральді желі дирекциясының тапсырмасына орай Арыс-1 және Арыс-2 станциясының арасын қоршау 2018 жылға жоспарлануда, – дейді Адамбек Қабанбекұлы.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды