Аңырақай – Қордай: екінші жол қолданыста
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі аумағы арқылы өтетін Алматы-1 – Шу теліміндегі Аңырақай – Қордай аралығында 7,9 километрден астам қос жолды жаңа жол пайдалануға берілді.
Алматы-1– Шу кешенді темір жолын іске қосу бойынша екінші жолдар құрылысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің күшімен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілуде.
«Біз ұзындығы 4 км №8 және 3,923 км №9 телімдеріндегі жұмыстарды аяқтап, оларды пайдалануға бердік. Аралықтарының ұзындығы 16,9 км құрайтын Аңырақайдан Қордай станциясына дейінгі телімде жүк және жолаушылар пойыздарының жүруі үшін екі жолды желі қозғалысы ашылды», – деді ұлттық компанияның Ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі дирекциясы Алматы-1-Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысы бойынша басқармасының бастығы Құмбай Байдәулетов.
Ол сондай-ақ Қордай станциясы басында 7 бағыттама бұрмасы жаңасымен ауыстырылып жатқанын және бұл жұмыстардың аяқталуға жақын екенін жеткізді. Сонымен қатар Қордай – Отар аралығындағы блок-қосындары аудандарындағы бағыттама бұрмалары бөлшектеніп алынуда. Келесі аптада Құлжабасы станциясын жабу бойынша жұмыстар аяқталмақ. «Сонда ұзындығы шамамен 18,8 км құрайтын Қордайдан Отар станциясына дейінгі аралық та толығымен екі жолды болады», – деп атап өтті Құмбай Байдәулетов.
Алматы-1–Шу желісінің барлық ұзындығында 92 км жерге екінші жолдар салынды, құрылысшыларға ендігі қалғаны 21 км жолды іске қосу ғана. Биыл жоба сонымен тәмам болады. Алматы-Шу телімінің екінші жолдарынң жалпы ұзындығы 113 км құрамақ.
Еске сала кетсек, өткен жылы Алматы-1 – Шу теліміндегі үш учаскедегі жол берілген болатын. Ал ағымдағы жылы мұндағы құрылыс жұмыстары ел тәуелсіздігі күні қарсаңында толық аяқталмақ.
–Алдағы кезеңде өзге де құрылыс учаскелеріндегі жолды пайдалануға беру үшін жұмыс қызу жүріп жатыр. Амандық болса биылғы жылы мұндағы жұмыстар толық аяқталады. Соның нәтижесінде жүк және жолаушылар тасымалында жылдамдықты көтеру, қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде елеулі жұмыстар жүргізілетін болады. Екінші жолдардың пайдалануға берілуіне байланысты телімнің өткізгіштік мүмкіндігі үш еседен астам ұлғайды, сәйкесінше, жүк пойыздарының кезек күту уақыты екі есеге дейін кемітілуде. Осы жол бойынша жобаны жүзеге асыру барысында 49 шақырымнан астам басты жолдар салынбақ. Бұл аталған телімнің өткізгіштік қабілетін тәулігіне 68 жұп пойыз өткізуге дейін ұлғайта түседі. Жолдың учаскеге тікелей тартылған бөлігінде жолаушылар пойызының қозғалыс жылдамдығы сағатына – 140, ал жүк пойыздары үшін – 120 шақырымды құрайды, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев.
Ирина Бектиярова
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды