Тастүйін дайындығымен топ жарды
Алдағы қыс маусымына дайындық шараларын пысықтау, бөлімшенің қалыпты жұмыс ырғағының бұзылмауын ұстану және №470-ЦЗ бұйрығын орындау мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 18 мен 26 аралығында күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары жүргізілді. Осы бұйрыққа сай Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі директорының өкімімен теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзгі комиссиялық тексеруді өткізу комиссиясы мүшелері тағайындалып, сала нысандары бақылауға алынды. Сонымен оңтүстіктен басталған тексеру шаралары өңірдің солтүстік нүктесі Сексеуіл – Қөскөл телімінде жалғасын тауып, Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда станцияларында тораптық жиын өтті. Онда жасалған жұмыстар сарапқа салынды. Жалпы күзгі тексеру комиссиясының жұмысы жайлы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім инженері Ғабит Тілеубаев мәлімдеді. Ол бөлімше бойынша 778 кемшілік анықталғанын, қазіргі таңда осы анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою шаралары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Комиссия мүшелерінің шешімімен Сексеуіл жол дистанциясы бойынша 3 бұрма жабылып, ондағы 1 жолда, Қазалы жол дистанциясы бойынша 8 жолда, Қызылорда жол дистанциясы бойынша 2 жолда пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеу қойылған. Комиссия назарынан бөлімше телімдеріндегі станциялар мен бекеттердің жайы, өндірістік және еңбек тәртібінің жағдайы, ғимараттар, жасанды құрылыстар мен желілік құрылым нысандары тыс қалмады. Жылжымалы құрамдардың қозғалысына шыдамды шойын жол төсеніші қабатының халі де тексерілді. Себебі жердің сууына байланысты топырақ қабатындағы өзгеріс жолшы қауымын әбігерге салатыны белгілі. Сонымен бірге кірме жолдар, жасанды құрылыстар, теміржол өткелдері, жол жиегіндегі мекемелерге қарасты жерлердің өрт қауіпсіздігінен сақталу шараларының сапасына да аса мән берілді. Жалпы алғанда күзгі тексеру комиссиясының назарынан өткізілген нысандардың дені қысқы маусымда жұмыс жасауға дайын болып шықты. Комиссия мүшелері қыс маусымына дайындықты пысықтайтын күзгі байқауға тастүйін дайындығымен ерекшеленген мекеме-кәсіпорындарды ескерусіз қалдырмады. Мәселен, тыңғылықты жұмысымен көзге түскен Шорнақ, Бесарық, Талап, Жаңақорған, Майлыбас, Қорқыт, Сапақ, Арал теңізі, Промежуточная, Белкөл станциялары үздік деп танылса, бөлімше мекемелері арасынан Қазалы вагон пайдалану депосы, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы, Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану деполары, «Вагонсервис», «Жолаушы тасымалы» және Қызылорда қалпына келтіру пойызы үздік дайындық үшін марапатталды. Бөлімше басшылығы мен кәсіподақ комитетінің төрағасы қол қойып, мақұлдаған кестеге сай іргелі темір жол мекемелері тарапынан кіші бекеттердің дайындығына және абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне, тазалық шараларына адам күші есебінен қолдап шефтік көмек беру шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырған НОРПОЖ, ВЧД-6, ЭЧ-25, ЭЧ-26, ПЧ-57, ТЧЭ-34, ТЧЭ-36, ВП-40 және ВП-41 мекемелерінің басшылығы мен ұжымдарына алғыс жарияланды.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды