Қызмет көрсету пункті ашылды

Жаңалықтар
17.10.2017, 15:50
Оқуға 2 мин
Тараз вокзалында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылды. Вокзалда кемтар жандарға арналған пункттің ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да, бірқатар азаматтар қызмет алып үлгерген. – Бұрын арбаға таңылған жандар біреудің көмегіне мәжбүр болатын. Енді оларға  вокзалда арнайы қызмет көрсететін пункт бар. Мәселен, вокзал ғимаратына келген мүмкіндігі шектеулі азамат қоңырау шалу арқылы біздің қызметкерлерді көмекке шақыра алады. Және №4-ші касса осы жандарға қызмет көрсету үшін ыңғайландырылып жасалып отыр. Вокзал ішінде және перронда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы орындар қарастырылды. Нашар еститін азаматтар үшін индукциондық панель, мүгедектерге арналған арбалар, балдақтар дайындалып, медициналық қызмет көрсету орталығы да жасақталды. Арнайы  әжетхана да қарастырылып отыр. Вокзал қызметкерлері ол азаматтардың пойызға мініп, түсуіне де көмек көрсетеді.  Тіпті, вокзалда арнайы демалыс бөлмесі де қарастырылған, онда ерекше жолаушыларға  шәй, сусындар ұсынылып, жаднама таратылады,– дейді Тараз вокзалы бастығының орынбасары Мақсат Садығұлов. Біздің жолымыз болып, вокзалда билет алуға келген мүмкіндігі шектеулі жан Сивара Нұрматоваға жолығып қалдық. –Мен бұған дейін билет алуға туыстарымды жіберетінмін. Ал вокзалда болып жатқан осындай жаңалықтарды естіген соң өзім арнайы келіп, Алматы бағытына билет алдым. Бұрындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін вокзал аумағында жүріп-тұру қиын болатын. Қазір ол мәселе толық шешілген. Мен осында келіп, арнайы тетікті басқан кезде вокзал кезекшілері шығып, көмектесті. Арнайы бөлме де жасақталған екен. Біз үшін бұл бір қолайлы жағдай болды, – деп ризашылығын білдірген ол келешекте пойыздарда да мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қосымша орындар қарастырылса екен бір тілегін де жеткізді.

Ерман Әбдиев, Тараз

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды