Үйде келін, түзде теміржолшы...

Жаңалықтар
17.10.2017, 15:55
Оқуға 2 мин
Қазақ даласында қиырларды жалғаған күретамыр саналатын теміржол саласына әркім әр түрлі жолмен келеді. Бүгінгі кейіпкеріміз  – Салтанат Әбішева да қозғалыс саласына бала кезден құмартқан көрінеді. Әулетінде теміржолшылар болмаған соң, ата-анасы бойжеткен қыздары Салтанатты сұранысқа ие мамандықтың бірі деп мұғалімнің оқуына түсіреді. Әдептен аспаған ару ата-анасына қарсылық танытпай, үлкендер айтқан мамандықты игеріп шығады. Алайда өзі қаламаған істі дөңгелетіп әкете алмайды. Ойы онға, санасы санға бөлініп жүрген Салтанатқа теміржолшы жездесінің сөзі  сәуле шашқандай болып, теміржол саласына бет бұрады.  Осы салада 14 жылдан аса уақыт қызмет етіп келе жатқан Салтанат Әбішева теміржолда болашақ жарымен танысып, бас қосады. –Теміржолға бала кезден қатты қызықтым. Жолға шыққанда вокзалда аяңдап отыратынбыз. Сонда вокзал қызметкерлерінің киім-киісін, жүріс-тұрысын бақылап, пойыздың келіп-кеткенін хабарлайтын кісінің даусына елітіп, отарбаның  алыстан келе жатқан дыбысына елеңдеп отыратынмын. Осылайша таңғажайып  әлемге еніп кететінмін... Бір қызығы жолдасыммен  де тағдырымызды тоғыстырған осы теміржол болды, – деп жылы жымиған Салтанат бүгінде Жалтыр станциясында инженер-технолог болып қызмет етеді. – Бұдан бұрын  КТЖ-ның Астана қаласындағы бас ғимаратында жұмыс істедім. Жалақым да, басқасы да жақсы болды. Жалтыр станциясында ата-енем тұрады. Балаларының бәрі аяқтанған. Мұнда өздері тұрып жатқандықтан жолдасым екеуміз «біз әлі қалада, жақсы жерде жұмыс жасап үлегереміз, алдымен үлкен кісілерге қызмет етіп, батасын алайық» деп осында көшіп келдік,– дейді. Темірдей тәртіпті талап ететін салада тыңғылықты тірлік атқарып, станцияның тыныс-тіршілігінің тамырын басып отырған Салтанат Әбішева әріптестер арасында да сыйлы, жастарға тәлімгер ұстаз.  

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды