Меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
03.02.2026, 09:15
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын шекаралық аудан Меркі станциясында Халықаралық теміржол кәсіподақтары конфедерациясының ұстанымына сай, қазақ-қырғыз теміржолшылар кәсіподақтарының достық, іскерлік байланысты нығайтуды көздеген ресми кездесуі өтті.

«Қазақстандық салалық теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев пен «Қырғызпрофсож» төрағасы Талғат Жолдашев бастаған қазақ-қырғыз делегациясы өзара достық қарым-қатынас қағидаттарын негізге алған екі ел арасындағы кәсіподақтар ұйымының ынтымақтастығы аясында ұйым жұмысын үйлестіру және ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқыға салды.  

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев екі елдің салалық кәсіподақтарының ынтымақтастығы – көршілес әрі бауырлас елдер арасындағы ежелгі достықты айқындай түсетінін, аралас-құралас жатқан екі елді байланыстырып жатқан ортақ шойын жолға қатысты мәселелерді бірлесе шешудің бірлескен келісімі екенін атап өтті. Қырғыз елі тарапынан Талғат Жолдашев та қазақстандық әріптесінің пікірін қуаттап, теміржолшылар кәсіподағының рөлі мен маңызы жайлы сөз қозғап, бұл көптен жоспарланған кездесу екенін жеткізді.  

Теміржол кәсіподақтарының ортақ мәселелерін қозғаған жиында сөз алған кәсіподақ өкілдері ұйым жұмысына қатысты мәселелерді талқыға салып, ортақ шешімін іздеумен қатар өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.  

Жиын соңында қазаққырғыз теміржолшылары кәсіподағының төрағалары екі ел арасында ежелден қалыптасқан достық, іскерлік қарым-қатынасты айшықтайтын құжат шекара маңындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.  

– Халықаралық теміржол кәсіподақтары конфедерациясының (МКПЖ) саясаты құрмет, теңдік, тату көршілік, жалпыға сәйкес әрекет етуге негізделген. Біз басшылыққа алған қағидат осы. Көршілес екі елдің тамыры тереңге тартқан тарихи байланысы мен достық қарым-қатынасын енді екі елдің теміржолшылар кәсіподақтарының шекаралас аймақтардағы ынтымақтастық туралы Меморандумы растай түспек. Екі елді байланыстырып тұрған Меркі станциясы орналасқан Жамбыл облысы Меркі ауданында қырғыз әріптестермен өткен бүгінгі басқосудың тарихи маңызы жоғары, – деген «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Төлепбекұлы кездесудің барлық жағынан жемісті болғанын атап өтті.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды