Құрық порты: айлақта алғашқы миллион!

Жаңалықтар
20.10.2017, 09:50
Оқуға 3 мин
Кеше Құрық портынан Баку портына алғашқы миллион тонна жүк өтті! Айтулы оқиғаны атап өткен екі елдің өкілдері Каспий теңізі арқылы Еуропаға жол салған бағдардың тиімділігі мен маңыздылығын  сөз етті. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов пен Құрық портының басшысы Мырзабек Сақтағанов бастаған айлақ қызметкерлері мен  аймақ теміржолшылары, басқа да серіктес кәсіпорындар өкілдері қатысты. Құрық портының Бас директоры Мырзабек Сақтағанов көпшілікті айлақ арқылы алғашқы миллион тонна жүк өткізілуімен құттықтап, Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға, Қазақстанның Каспий теңізіндегі порттарды кеңейту, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту шараларына тоқталды.  Құрық теңіз портының құрылысын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асыруда. Порт Жібек жолының стратегиялық тізбегінің жалғасы болып табылады. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін көтеріп, көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамытады. Құрық портынан жөнелтілген жүктер Әзербайжан, Грузия порттары арқылы Еуропаға қарай жол тартады. –Бүгінгі таңда Құрық паромдық кешені арқылы экспортқа қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тығайтқыш, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан мен Өзбекстаннан шыққан транзит жүктер жөнелтілуде. Бүгін, міне, 1 миллиондық белесті бағындырып отырмыз, – деп қуанышымен бөлісті  Мырзабек Сақтағанов. Мемлекет басшысының Қазақстандағы көлік-логистикалық кешені алдына қойған тапсырмаларының маңыздылығына тоқталған айлақ басшысы елімізде жүк ағынының арта түсуіне орай 2020 жылдары Каспий порттарының өткізу қуаты екі есеге өседі деген болжам жасалуда екенін жеткізді, порттың ағымдағы жұмыстары мен болашақтағы даму жобалары туралыда әңгімеледі. –Порттың коммерциялық мақсатта жүк өткізуі 2017 жылғы 28 наурыздан басталды. Содан бері, міне, бір миллион тонна жүк өткізілсе, оның 548 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттық жүктер 452 мың тоннаны құрады, – дейді М. Сақтағанов. Паром кешенінде бір теміржол айлағы, төрт теміржол көрмелік паркі бар. Теміржол станциясына кіре берісте өңдеу және сұрыптау қызметі, «Ерсай станциясы – Құрық порты» кіре беріс теміржолы, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар салынған.  Аталмыш инфрақұрылымдар теңіз маңындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді.  Айталық, Баку мен Құрық арасындағы пароммен жүру уақыты 18 сағатты құраса,  Бакуге Ақтауға дейін 22 сағат кетеді екен. Құрық портындағы паром өткелі мен «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі басты және сұйық жүктердің мультимодальдық тасымалын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Каспий бағдарымен батыс бағыттың экспорттық әлеуеті және транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады. Салтанатты шараға жиналғандар Президентке құттықтау жеделхатын жолдап, Елбасының өзі ашқан Құрық портының миллион тонна жүк өткізгенін қуанышпен хабарлады. 

Даниял ХАМИТ,

Ирина БЕКТИЯРОВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды