Ұстаным – мүлдем төзбеушілік

Жаңалықтар
20.10.2017, 10:06
Оқуға 2 мин
Семейлік  теміржолшылар тек кәсіби қызметте ғана емес, қоғамдық-саяси тұрғыдан да белсенді. Жанданған партиялық жұмыстар аясында Елбасы саясатын жүзеге асыру, бағдарламалық мақалаларының басымдықтарын насихаттау шаралары да нәтижелі жүргізілуде.  Семейлік филиал қызметкерлерінің көпшілігі еліміздің саяси өмірінде жетекші саналатын «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Сондықтан Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың назарда ұстауымен идеологиялық жұмыстар барысы жоғары деңгейде жүргізілуде. Сондай шаралардың қатарында мұндағы бастауыш партия ұйымының қызметін де айтуға болады. Теміржолшылар ұйымы аймақтағы саны көп, ең үлкен ұйым саналады. Бөлімшеге қарасты әр мекемеден бюро мүшелері сайланған. Олардың құрамы жыл сайын жаңарып, белсенді теміржолшылармен толығып отырады.  Басты ерекшелігі сол – басым көпшілігі жастар. Қазіргі таңда партия белсенділері «Нұр Отан» партиясының жарғысы, съезде қабылданған доктрина, Елбасы Жолдауының басымдықтарын ғана емес, теміржол мекемелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалын да назарда ұстауда. Жиі-жиі бюро отырысы өткізіліп тұрады. Семей ЖТ бөлімшесі басшысының орынбасары, біріккен бастауыш партия ұйымының Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша төрағасы Ерғазы Жұмаділовтың айтуынша, партия қатарына өтуге ынталы теміржолшылар көп. Мүшелер саны әр тоқсан сайын шамамен 50 адамға өсіп отырады екен. Мәселен, осыдан біраз бұрын болып өткен бюро отырысында осынша теміржолшыға партия билеттері салтанатты түрде табыс етілген. Теміржолшы нұротандықтар, әсіресе бюро мүшелері барлық қоғамдық-саяси шаралар бойынша белсенді әрекет жүргізуде. Мәселен, жүк жөнелтуге тапсырыс беруші клиенттердің құқығын қорғау мәселесі де басты назарда. Осы орайда коррупциялық нышандағы әрекеттерге жол бермеу мақсатында арнайы сенім телефоны және «Semtemirzhol@mail.ru» электронды поштасы ашылған. Жалпы, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын бағыт еткен семейлік теміржолшылар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін ширатуды, аталмыш індеттің кез келген көрінісіне нөлдік төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, күллі қоғамды коррупциялық әрекетке қарсы тұруға шақыруда.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды